+95 бонус

СИЛКЕР 50г крем

9:00-ден кейін қолжетімді
1900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сульфадиазин серебра
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г кремнің құрамында белсенді зат – 10.00 мг күміс сульфадиазині қосымша заттар: макрогол цетостеарил эфирі (Цетомакрогол 1000), цетостеарил спирті, сұйық парафин (сұйық ауыр парафин), бутилгидрокситолуол, динатрий эдетаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
- инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу және профилактикасында - инфекция жұқтырған терінің трофикалық ойық жараларында және ойылуларда (кешенді ем құрамында) - ауыстырылып салынған тері бөліктерінің және ауқымды сызаттардың инфекция жұқтыру профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- күміс сульфадиазиніне және/немесе дәрінің кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығында: ауқымды беткейлерге қолданғанда гемолиз пайда болуы мүмкін - ерте жастағы балалар (жаңа туған нәрестелер, 3 айға дейін), ядролық сарғаюдың пайда болу қаупіне байланысты шала туған балалар - порфирия - терең іріңді жараларды және экссудациясы көп күйік жараларын емдеу үшін қолданбаған жөн - жүктілік, лактация кезеңі
Дозасы
Қолдану тәсілі Сыртқа. Силкер кремі тек теріге жағуға ғана арналған. Кремді таңғышпен (крем стерильді дәкеге жағылып, содан соң күйік жарасының бетіне салынады) немесе таңғышсыз пайдалануға болады. Кремді сондай-ақ стерильді қалақшаны пайдаланып немесе стерильді қолғаппен жағуға болады. Кремді қолданар алдында терінің күйген бөлігін толықтай тазарту және өңдеу керек. Әрбір қайталап жағудың алдында кремнің қалдықтарын және түсі іріңді бөліністі еске түсіретін, бірақ іс жүзінде асептикалық, Силкер кремін жаққаннан кейін көп бөлінетін жараның экссудатын кетіру мақсатында, жараны сумен немесе арнайы антисептикалық ерітіндімен шаю керек. Күйіктерді және трофикалық ойық жараларды емдеу үшін кремді қолдану тәсілі бірдей. Әрбір қолданған сайын таңғышты алмастырып отыру керек. Сықпаларға салынған Силкер кремі тек бір пациентке ғана қайталап пайдалануға арналған. Силкер препараты қолдануға ыңғайлы, ауырсынуды тудырмайды және киім мен төсек-орында дақ қалдырмайды. Силкер кремі асептикалық жағдайда шығарылады және стерильді түрде толтырылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.