+126 бонус

СИГНИЦЕФ 0,5% 5 мл гл капли

2530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - левофлоксацин гемигидраты 5.12 мг левофлоксацинге баламалы 5.00 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, гипромеллоза (НРМС Е-15), натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорлысутегі қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ДП ересектерде, 8 жастан асқан балаларда, 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға көрсетілген - левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің беткейлік бактериялық инфекциялары Препаратты тағайындағанда бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа - левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе басқа қосымша заттардың кез келгеніне, мысалы, бензалконий хлоридіне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және емшек емізу кезеңі - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Жергілікті, зақымданған бір немесе екі көзге алғашқы 2 тәулік бойына тәулігіне 8 ретке дейін, содан соң тәулігіне 4 рет әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыдан. Емдеудің ұзақтығы аурудың ағымына, сондай-ақ инфекцияның клиникалық және бактериологиялық ағымына тәуелді. Емдеу ұзақтығы әдетте 5 күнді құрайды. Басқа офтальмологиялық дәрілерді бір мезгілде пайдаланғанда, инстилляциялардың арасы кемінде 15 минут болуы тиіс. Пациенттердің ерекше тобы Балалар Препаратты 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. 8 жастан асқан балаларға арналған дозалар ересектерге арналған сияқты болады Жаңа туған нәрестелердің мөлдірқабық жарасы мен офтальмиясын емдеуде қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Деректер жоқ Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Деректер жоқ Енгізу әдісі және жолы Көзге тамызуға арналған. Субконъюнктивальді және көздің алдыңғы камерасына енгізуге болмайды. Тамшылатқыш-құтының ұштығы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін препаратты тамызған кезде тамшылатқыш-құтының ұштығы қабақпен немесе көз айналасындағы басқа жерлерге жанаспауы тиіс. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Симптомдары: Көзе тамызатын дәрілері бар құтыдағы левофлоксациннің жалпы мөлшері кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейін уытты әсерлерді туғызу үшін тым аз. Емдеу: Қажет болған жағдайда пациент клиникалық бақылануы мүмкін және демеуші шаралар қолданылуы мүмкін. Левофлоксацин 5 мг/мл көзге тамызатын дәрілерін жергілікті артық дозаланғаннан кейін көзді бөлме температурасындағы таза (су құбыры) сумен жууға болады. Балалар Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет әрекеттер ересектер мен 1 жастан асқан балаларда бірдей болады. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Пациенттердің шамамен 10%-да жағымсыз реакциялар пайда болатынын күтуге болады. Бұл реакциялар әдетте жеңіл немесе орташа деп жіктеледі, өтпелі болып табылады және әдетте көз тарапынан реакциямен шектеледі. Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жанаспалы экзема және/немесе терінің тітіркенуі левофлоксацинмен немесе осы қосымша затпен туындауы мүмкін. Жиі - көздің шымылдатып ашытуы - көрудің нашарлауы - көзден жіп тәрізді шырышты бөліністердің пайда болуы Жиі емес - бас ауыруы - блефарит - хемоз - конъюнктивалық бүртік реакциясы - қабақтың ісінуі - көздегі жайсыздық - көздің қышуы - көздің ауыруы - конъюнктива гиперемиясы - конъюнктива фолликуласы - көздің құрғауы - қабақ эритемасы - фотофобия - риниттер Сирек - терідегі бөртпені қоса, экстраокулярлы аллергиялық реакциялар Өте сирек - анафилаксиялық реакциялар - көмейдің ісінуі - жүйелі фторхинолондар алған пациенттерде хирургиялық қалпына келтіруді талап еткен және ұзақ мүгедектікке әкелген иық сіңірінің, қолдың, ахиллов сіңірінің немесе басқа сіңірлердің үзілуі туралы хабарланды. Жүйелі хинолондарды тіркеуден кейінгі пайдалану тәжірибесі мен зерттеулері кортикостероидтер алатын пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде және жоғары стрессті сіңірлерде, соның ішінде ахиллов сіңірі бар пациентерде осы үзілулер қаупі артуы мүмкін екенін көрсетеді. Балалар Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлығы ересектердегідей болады. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.