+2940 бонус

СИАЛИС 5 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
58800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пуэрто-Рико
  • Өндіруші: Лилли дель Карибе Инк
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка құрамында белсенді зат – тадалафил, 5 мг қосымша заттар - лактоза моногидраты, лактоза моногидраты (құрғақ спрей), гидроксипропилцеллюлоза (өте ұсақ), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза (түйіршік 102), магний стеараты. қабықтың құрамы: Микс сары бояғышы (Y-30-12863-A) (лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің (III) сары тотығы (Е172)). жылтырату: тальк.
Қолданылуы
ер жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеу. Эректильді дисфункцияны емдегенде тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет. ересек ерлердегі қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдары. Сиалис® препараты әйел адамдарға қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдау; сексуалдық белсенділік ұсынылмайтын, жүрек-қантамырлар ауруларына шалдыққан ер адамдарға. Дәрігерлер осындай аурулары бар пациенттерде сексуалдық белсенділік кезінде жүрек-қантамырлар асқынуларының ықтимал қауіптерін ескеруі керек; тадалафил қабылдау жүрек-қантамырлары аурулары бар пациенттердің келесі тобына қарсы көрсетілім болып табылады: - соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктімен ауырған пациенттер, - тұрақсыз стенокардиясы бар болған немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болған пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша, жүрек функциясының ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі анықталған пациенттер, - жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотензиясы (АҚ ˂90/50 мм с.б.) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде инсультті бастан кешкен пациенттер; бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты екендігіне-еместігіне тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (NAION) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге қолдануға болмайды; тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдауға болмайды, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына потенциалды түрде әкеп соғуы мүмкін.
Дозасы
Дозалану режимі Ересек ерлердегі эректильді дисфункция (ЭД) Болжамды сексуалдық белсенділік алдындағы әдеттегі ұсынылатын доза, тамақ ішуге қарамай, 10 мг құрайды. Егер 10 мг тадалафил қабылдау қажетті реакция бермесе, онда дозасы 20 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Препаратты болжамды сексуалдық белсенділіктен ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Препаратты ұсынылған дозада қабылдаудың ең жоғары жиілігі – тәулігіне бір рет. 10 мг және 20 мг дозадағы тадалафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қабылдауға арналған және үздіксіз күн сайын қолдануға ұсынылмаған. Сиалис® препаратын жиі (яғни аптасына екі реттен жиі емес) қабылдау күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің таңдауына сәйкес, тәулігіне өте аз дозада бір реттік жиілікпен қабылдаудың қолайлы сызбасы құрастырылуы мүмкін. Мұндай пациенттер үшін тәулігіне шамамен белгілі бір уақытта бір рет 5 мг доза ұсынылады. Препаратты күнделікті қабылдауды жалғастырудың орындылығына тұрақты бағалау жүргізу қажет. Ересек ерлердегі қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) Ұсынылған доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Препаратты тамақ ішуге қарамастан, күн сайын шамамен бір уақытта қабылдау керек. Эректильді дисфункциямен ілесе жүретін қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар ересек еркектерде ұсынылатын доза тәулігіне бір рет шамамен бір уақытта шамамен күн сайын 5 мг құрайды. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттер 5 мг дозада тадалафилді көтере алмаған жағдайда баламалы емді қарастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы еркектер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар еркектер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза талап бойынша ем үшін препараттың 10 мг құрайды. 5 мг тадалафилді тәулігіне бір рет эректильді дисфункцияны немесе қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін дозалау режимі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар еркектер Сиалис® препаратын эректильді дисфункцияны емдеу үшін қажет болған жағдайда Сиалис® препаратының ұсынылатын дозасы, тамақ ішуге қарамай, болжамды сексуалдық белсенділік алдында 10 мг құрайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациенттерде Сиалис® препаратын қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректер шектеулі. Осы препаратты тағайындаған жағдайда, дәрігер оның пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият жекелей бағалауға сүйене отырып тағайындауы тиіс. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде тадалафилді 10 мг-ден асатын дозаларда қабылдау жөнінде деректер жоқ. Сиалисті® қабылдау режимі тәулігіне бір рет эректильді дисфункцияны немесе қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген, сондықтан осы препаратты тағайындаған жағдайда емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жеке бағалауды негізге алуы тиіс. Диабеттен зардап шегіп жүрген еркектер Қант диабетімен ауыратын пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Балалар Сиалис® балалардағы эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылмайды. Енгізу әдісі және жолы Сиалис® 5 мг пероральді қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.