+218 бонус

СЕРТОЗИН 1000 мг/4 мл №5 амп

4370 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цитиколин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 522.52 мг немесе 1045.04 мг натрий цитиколині (500.00 мг немесе 1000.00 мг цитиколинге баламалы) қосымша заттар: натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- жедел және жеделге жуық фазалардағы инсультпен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылуларды емдеуде - бассүйек жарақатымен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылуларды емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- цитиколинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - парасимпатикалық жүйке жүйесінің гипертониясы бар пациенттер
Дозасы
Препаратты бұлшықет ішіне, вена ішіне баяу (дозасына байланысты 3-тен 5 минутқа дейін) немесе вена ішіне тамшылатып инфузия түрінде енгізуге болады. Вена ішіне тамшылатып инфузия түріндегі енгізу кезінде перфузия жылдамдығы минутына 40-тан 60 тамшыға дейін құрауы тиіс. Бұл препараттың құрамы қажет болған жағдайда пероральді қабылдауға мүмкіндік береді. Ампуланың ішіндегісін тікелей немесе жарты стақан суда (120 мл) еріту арқылы қабылдауға болады. Ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді бір рет қолдануға арналған. Ампуланы ашқаннан кейін ерітіндіні дереу пайдалану керек. Пайдаланылмаған препаратты тастау керек. Препарат вена ішіне изотоникалық ерітінділердің барлық түрлерімен үйлесімді. Оны гипертониялық глюкоза ерітіндісімен де араластыруға болады. Ересектер Ұсынылатын доза жағдайдың ауырлығына байланысты тәулігіне 500 мг-ден 2000 мг-ға дейін құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Осы жас тобы үшін дозаны қандай да бір нақты түзету қажет емес. Балалар Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан препаратты күтілетін пайда кез келген ықтимал қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.