Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар: 6.43 мг бетаметазон дипропионаты (5.00 мг бетаметазонға баламалы), 2.63 мг бетаметазонның натрий фосфаты (2.00 мг бетаметазонға баламалы),
қосымша заттар: динатрий эдетаты, сусыз динатрий гидрофосфаты, натрий хлориді, полисорбат 80, 1 М хлорсутек қышқылы, бензил спирті, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий кармеллозасы, макрогол, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кортикостероидтармен ем қосымша болып табылады және стандартты емді алмастырмайды.
Бұлшықет ішіне енгізу
Сертоспан препаратты кортикостероидтармен емдеуге жауап беретін әртүрлі ревматизмдік, дерматологиялық және аллергиялық ауруларды, коллагенді және басқа ауруларды емдеуге арналған.
Бұлшықет-қаңқалық енгізу (буын ішіне және буын маңына енгізу және тікелей жұмсақ тіндерге енгізу)
Остеоартрит, ревматоидты артрит кезінде қосымша қысқа мерзімді ем ретінде (аурудың жедел түрінде немесе өршуінде).
Зақымданған тіннің ішіне енгізу
Дерматологиялық аурулар кезінде.
Табанға жергілікті енгізу
Қосымша қысқа мерзімді ем ретінде (аурудың жедел формасы немесе бар аурудың өршуі кезінде) мүйізгек астындағы бурситтер, сүйек мүйізгектері, өкшесүйек сүйелі және аяқтың бас бармағының және бесінші саусағының ауыр қозғалуы; синовиялық кисталар, Мортон ауруы, тендосиновит және куб тәрізді сүйектің периоститі.
Типтік жағдайлар
Аллергиялық аурулар
созылмалы бронх демікпесі (оның ішінде демікпе статусын кешенді емдеуде), маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит, ауыр аллергиялық бронхит, жанаспалы дерматит, атопиялық дерматит, пішен қызбасы, ангионевроздық ісіну, дәрі-дәрмектік аллергия, сарысу құю ауруы, жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциялар.
Ревматизм аурулары
ревматоидты артрит, остеоартрит, бурсит, люмбаго, ишиас, кокцигодиния, жедел подагралық артрит, қисық мойын, ганглиозды киста, шорбуынданатын спондилит, радикулит, экзостоз, фасциит.
Тері аурулары
атопиялық дерматит (монета тәрізді экзема), нейродермиттер (белдемелі қарапайым теміреткі), жанаспалы дерматиті, күннен болатын дерматиті, есекжем, гипертрофиялық қызыл жалпақ теміреткі, инсулин липодистрофиясы, ұялы алопеция, дискоидты эритематозды жегі, псориаз, келоидты тыртықтар, кәдімгі сулы бөртпе, герпестік дерматит, кисталы безеулер.
Коллагендік аурулар
жүйелі қызыл жегі (өршу кезеңінде немесе демеуші ем ретінде), түйінді полиартрит, склеродермия, дерматомиозит.
Ісік аурулары
ересектердегі лейкоздар мен лимфомалардың паллиативті емі, балалардағы жедел лейкоз.
Басқа аурулар
адреногениталий синдромы, спецификалық емес ойықжаралы колит, Крон ауруы, спру, кортикостероидқа тәуелді қан аурулары, нефрит, нефроздық синдром;
бүйрек үсті безі қыртысының бастапқы және салдарлы жеткіліксіздігі (минералокортикостероидтарды міндетті түрде бір мезгілде енгізген кезде).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
вена ішіне және тамыр ішіне енгізу;
интратекальді және эпидуральді енгізу;
тұрақсыз немесе инфекция жұқтырған буынға, басқа инфекция түскен бөліктерге немесе омыртқааралық кеңістікке енгізу;
жүйелі зеңді инфекциялар;
6 жасқа толмаған балалар;
жедел инфекциялар (белдемелі теміреткі, герпес, желшешек), паразиттік аурулар, полиомиелит (бульбоэнцефалитті түрін қоспағанда), БЦЖ вакцинациясынан кейінгі лимфаденит, амебалық инфекция, офтальмологиялық герпес;
профилактикалық екпелерге дейін 8 апта ішінде және одан кейін 2 аптада енгізу;
буын ішіне енгізу және инфильтрациялық емдеу: аваскулярлық остеонекозда, сіңір үзілуінде, Шарко нейроартропатиясында;
ұзақ уақыт емдеу кезінде: асқазан-ішек жолының ойық жарасы, созылмалы белсенді гепатит (HBsAg оң реакциясы), тар бұрышты немесе ашық бұрышты глаукома.
Дозасы
Дозасы ең төмен, қолдану кезеңі - барынша қысқа болуы тиіс.
Дозаны қанағаттанарлық клиникалық жауап алғанға дейін таңдау қажет. Белгілі бір уақыт аралығында қанағаттанарлық клиникалық жауап болмаған жағдайда Сертоспан препаратын дозаны біртіндеп азайту жолымен тоқтату және басқа ем тағайындау керек.
Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші дозаны барабар клиникалық әсерді қамтамасыз ететін ең аз дозаға қол жеткізілгенге дейін белгілі бір уақыт аралықтары арқылы енгізілетін дозаны біртіндеп төмендету жолымен таңдайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда препаратты дозалау режимі, әдетте, жасын, салмағын немесе бойын және аурудың күрделігін ескерумен белгіленеді.
6 жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.