+237 бонус

СЕРТОФЕН 50 мг/2 мл №5 амп

4740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 ампуланың ішінде белсенді зат - декскетопрофен трометамолы, 73.80 мг (50 мг, декскетопрофенге баламалы) қосымша заттар: этанол 96%, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, мысалы операциядан кейінгі ауырсыну синдромы, бүйрек шаншуы және бел ауыруы жағдайларында айқындығы орташа және елеулі жедел ауыру синдромының симптоматикалық емі үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерге (ҚҚСД) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - анамнездегі, әсері ұқсас дәрілік заттарды, мысалы ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) мен басқа ҚҚСД қолданумен байланысты бронх демікпесі, бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, есекжем немесе ангионевроздық ісіну; - анамнездегі, кетопрофенді немесе фибраттарды қолданумен байланысты фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар; - анамнездегі, осының алдындағы ҚҚСД емімен байланысты асқазан-ішектік қан кету немесе тесілу; - жедел пептидтік ойық жара /асқазан-ішектен қан кету немесе анамнездегі асқазан-ішектік қан кету, ойық жара немесе тесілу; - созылмалы диспепсия; - басқа белсенді қан кету немесе қан ұюындағы қан кетуді тудыратын бұзылулар; - Крон ауруы, ойық жаралы колит; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - бүйрек функциясының айқындығы орташа немесе ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин); - бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл); - геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары; - ауыр сусыздану (құсумен, диареямен немесе сұйықтықтың жеткіліксіз тұтынылуымен байланысты); - жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі; - құрамында этанол болғандықтан, препаратты алкоголизммен, эпилепсиямен ауыратын адамдарға, балаларға, бауыр аурулары бар науқастарға қолдануға болмайды. Сертофен препаратының құрамында этанол бар, сондықтан да препаратты нейроаксиальді (интратекальді немесе эпидуральді) жолмен енгізуге болмайды.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын дозасы әр 8-12 сағат сайын 50 мг декскетопрофенді құрайды. Қажет болған жағдайда, препаратты 6 сағат аралықпен қайталап енгізуге болады. Декскетопрофеннің жалпы тәуліктік дозасы 150 мг аспауы тиіс. Инъекция түріндегі Сертофен препараты тек қатты ауырсыну синдромы кезеңінде қысқа мерзімде (2 күннен асырмай) қолдануға арналған. Ары қарай пациентті, мүмкіндік болған бойда, ауыруды басатын дәрілермен пероральді емге көшіру керек. Декскетопрофенді ауырсыну синдромын бақылауға алу үшін қажетті ең аз тиімді дозасында барынша қысқа уақыт ішінде қолданғанда жағымсыз реакциялардың туындау қаупін азайтуға болады. Операциядан кейінгі айқындығы орташа және елеулі ауыру синдромын емдеген жағдайда препаратты ересектерге апиындық анальгетиктермен біріктіріп, көрсетілімдері болған жағдайда, дәл сол ұсынылған дозаларында қолдануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-9 балл) пациенттерде декскетопрофеннің жалпы тәуліктік дозасын 50 мг дейін төмендету қажет; бұл ретте пациенттерде бауыр функциясын мұқият бақылау қажет. Сертофен препаратын бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) пациенттерде қолданбау керек. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер Бүйрек функциясының айқындығы елеусіз бұзылулары бар (креатинин клиренсі 60-89 мл/мин) пациенттерде декскетопрофеннің жалпы тәуліктік дозасын 50 мг дейін төмендету қажет. Сертофен препаратын бүйрек функциясының айқындығы орташа және ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) пациенттерде қолданбау керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде, әдетте, дозасын түзету қажет емес. Алайда, егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының физиологиялық төмендеуіне байланысты препаратты төменірек дозаларда қолдану ұсынылады; егде жастағы пациенттерде декскетопрофеннің жалпы тәуліктік дозасы 50 мг құрайды. Балалар Препараттың балалар мен жасөспірімдерде қолданылуын зерттеулер жүргізілмеді. Препаратты пациенттердің аталған санатында қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сертофен препаратын балалар мен жасөспірімдерде қолданбау керек. Енгізу әдісі және жолы Препарат тек бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған. Бұлшықет ішіне енгізу Препараттың бір ампуласының ішіндегісін (2 мл) бұлшықетке терең, баяу енгізеді. Вена ішіне енгізу - Венаішілік инфузия: тиісінше жолмен сұйылтылған ерітіндіні (төменнен қараңыз) венаішілік баяу инфузия жолымен 10-30 минут ішінде енгізеді (ерітіндіні үнемі күндізгі жарықтан қорғалған жерде сақтау қажет). - Вена ішіне болюстік енгізу: қажет болған жағдайда, препараттың бір ампуласының ішіндегісін (2 мл) вена ішіне кемінде 15 секунд бойы болюстік (баяу) енгізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.