+190 бонус

СЕРТОФЕН 25 мг №20 таблеток

3800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – декскетопрофен трометамолы 36.91 мг (25 мг декскетопрофенге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 101), микрокристалды целлюлоза (PH 102), жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты (A типі), глицерин дистеараты, қабық құрамы: Oпадри II ақ 85F18422 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, тальк).
Қолданылуы
Бұлшықет-қаңқа ауыруы, дисменорея, тіс ауыруы сияқты қарқындылығы жеңіл және орташа ауыруды симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезінде әсер ету тетігі ұқсас заттарды (ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП) қолдануға байланысты туындаған демікпе, бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, уртикария немесе ангионевроздық ісінудің болуы анамнезінде кетопрофен немесе фибраттарды қолдану кезінде фотосезімталдықтың немесе фотоуыттылықтың болуы алдыңғы ҚҚСП қабылдаумен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу) белсенді пептидтік ойық жара / асқазан-ішектен қан кету немесе анамнезінде бар асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу созылмалы диспепсия белсенді фазадағы қан кету немесе қан кетудің жоғарылауы Крон ауруы, ойық жаралы колит бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл); бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежеде бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) ауыр жүрек жеткіліксіздігі геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылыстары ауыр дәрежедегі дегидратация (құсудан, диареядан немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтынудан туындаған) жүктіліктің III-ші триместрі және лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер Ауырсыну түріне және қарқындылығына байланысты ұсынылатын доза әр 4-6 сағат сайын 12,5 мг (1/2 таблетка) немесе әр 8 сағат сайын 25 мг (1 таблетка) құрайды. Тәуліктік доза 75 мг-дан (3 таблетка) аспауы тиіс. Препараттың жағымсыз әсерлерін симптомдарды жою үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз ұсынылған дозаларды қолдану арқылы мейлінше азайтуға болады. Декскетопрофен ұзақ уақыт бойы қолдануға арналмаған және симптоматикалық ем ретінде қолданылуы керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Декскетопрофен балалар мен жасөспірімдерде зерттелмеген. Осыған байланысты осы жас санатындағы декскетопрофеннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Емдеуді ең төменгі дозалардан (тәуліктік дозасы 50 мг) бастау ұсынылады. Препараттың жақсы тиімділігінде дозаны қалыптыға дейін арттыруға болады. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының жеңіл және орташа ауырлықтағы бұзылулары кезінде емдеуді ең төменгі дозалардан (тәуліктік дозасы 50 мг) және дәрігердің қатаң бақылауымен бастаған жөн. Декскетопрофен бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы Бастапқы дозаны бүйрек функциясы әлсіз бұзылған (креатинин клиренсі 60-89 мл/мин) пациенттерде жалпы тәуліктік дозаға 50 мг-ге дейін төмендету керек. Декскетопрофен бүйрек функциясы орташа немесе ауыр дәрежеде бұзылған (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) пациенттерде қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Сертофен препаратты жеткілікті мөлшерде сұйықтықты (мысалы, сумен бір стақан) іше отырып, ішке қабылдайды. Бір мезгілде тамақтану әсер етуші заттың сіңу жылдамдығын төмендетеді, сондықтан өткір ауырсыну жағдайында препаратты тамақ ішкенге дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.