+132 бонус

СЕРТОФЕН 1,25% гель 60 г

2640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г гельдің құрамында белсенді зат - 18.45 мг декскетопрофен трометамолы (12.5 мг декскетопрофенге баламалы) қосымша заттар: карбомер гомополимер, этанол 96%, лаванда майы, ментол, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
Сертофен гель препараты ересектерге көрсетілген. Буындардың, сіңірлердің, байламдардың және бұлшықеттердің жарақаттану жағдайларынан туындаған ауырсынуды, сондай-ақ жеңіл және эпизодтық қабынуды жергілікті жеңілдету.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты бронх демікпесінің симптомдары және аллергиялық ринит сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары - анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары - анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, ультракүлгін сәулелердің блокаторын немесе парфюмерлік хош иістерді қолданумен байланысты тері аллергиялық реакциялары. Сертофен қолданудың барлық кезеңінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде пациенттер тікелей және жанама күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің (күн шамдары, солярийдің) әсерінен аулақ болу керек. Препаратты ашық жараларға немесе инфекция жұқтырған тері аумақтарына, шырышты қабықтарға, экзематозды немесе безеулер бар тері аумақтарына, жыныс мүшелері аумағына, көз аумағына немесе периокулярлық аумаққа қолдануға болмайды.
Дозасы
Сертофенді әдетте тәулігіне 2-3 рет қолдану ұсынылады. Қолдануға арналған гель мөлшері өңделетін беткей ауданына байланысты. Қысқа уақыт ішінде ең аз қажетті мөлшерді пайдаланыңыз. Гельдің жалпы тәуліктік дозасы 7,5 г аспауы керек, бұл шамамен 14 см гельге сәйкес келеді. Емдеу ұзақтығы Препаратпен жүргізілетін үздіксіз емнің ұзақтығы ең көп дегенде 7 күннен аспауы керек. Егер симптомдар 7 күндік емдеуден кейін нашарласа немесе сақталса, клиникалық жағдайды бағалау керек. Балалар Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Препарат тек теріге жергілікті қолдануға арналған. Гельді тіндерге енуін жақсарту мақсатында жеңіл уқалап отырып жағу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.