+270 бонус

СЕРМИОН 10 мг №50 таблеток

5410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ницерголин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Pfizer Italia S.r.l.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 10,00 мг ницерголин, қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы; қантты қабық: сахароза, тальк, қараған, сандарак шайыры, магний карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), канифоль, карнауб балауызы.
Қолданылуы
Сермион препаратының әсер етуші заты нашарлауы немесе бұзылуы егде жастағы адамдарда байқалатын ми метаболизміне қолайлы әсер ететін қастауыш алкалоидының жартылай синтетикалық туындысы болып табылады. Бұл әсер етуші зат (ницерголин) жүйке жасушалары арасындағы импульстардың берілуіне әсер ететін әртүрлі эндогендік хабаршылардың белгілі бір байланыс аймақтарымен байланысады. Осы хабаршылардың құрамының теңгерімсіздігі бұзылулардың дамуына әкелуі мүмкін. Сермион мидың бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Сермион® мидың жасына байланысты және қан тамырлары когнитивтік бұзылыстарын симптоматикалық емдеуде демеуші ем дәрісі ретінде қолданылады. Мұндай бұзылулар келесі жағдайлар түрінде көрінуі мүмкін: назар аударудың және жадының бұзылуы зейін қоюдың бұзылуы апатия жеке гигиенаны сақтамау кенеттен шаршау немесе бас айналу әлеуметтік өзара әрекеттесудің азаюы немесе болмауы (тұйықталу, саяқтық, өзін-өзі оқшаулау). Сермион® препаратымен емдеуді бастар алдында сіздің дәрігеріңіз осы симптомдар спецификалық емдеуді талап ететін басқа да қосалқы аурулардан (емдік, психиатриялық немесе неврологиялық бейіндегі) туындамайтынына көз жеткізеді.
Қарсы көрсетілімдер
ницерголинге немесе осы дәрілік препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергияның болуы ("Қосымша мәліметтер" бөлімінде көрсетілген) және басқа да қастауыш алкалоидтары; жақында өткерген миокард инфарктісі жедел қан кету ортостаздық гипотензия (тұру кезінде бас айналу немесе естен тану); ауыр брадикардия (баяу жүрек соғуы) фруктоза жағымсыздығы, глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі жүктілік кезеңі және емшекпен емізу 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Балалар Балалардағы ницерголиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Фармакокинетика және төзімділік зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес ересектер мен егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ницерголин мен оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылатындықтан (80 %), бүйрек функциясы бұзылған (сарысулық креатинин деңгейі ≥ 2 мг/мл) пациенттерде дозаны төмендету керек. Препараттың ұсынылатын дозасы тұрақты уақыт аралығынан кейін тәулігіне үш рет 5-10 мг құрайды, ұзақ емдеу жағдайында дұрысы тамақ ішу арасында. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеудің әсері біртіндеп артады. Емі әдетте ұзақ уақыт бойы жүргізілетіндіктен, дәрігер тұрақты аралықпен, бірақ кемінде 6 айда бір рет емдеуді жалғастыру қажеттілігін бағалауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.