+450 бонус

СЕРЕТИД ЭВОХАЛЕР 25/125 мкг №120 доз

9:00-ден кейін қолжетімді
9000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сальметерол и флутиказон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Глаксо Веллком Продакшн
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Препараттың бір дозасының құрамында белсенді зат: 36.3 мкг сальметерол ксинафоаты (25 мкг сальметеролға баламалы) және 50 мкг немесе 125 мкг немесе 250 мкг флутиказон пропионаты, қосымша заттар- 1,1,1,2-тетрафторэтан (пропеллент HFA-134a), озонға қауіпсіз.
Қолданылуы
Серетид біріктірілген препаратты (ұзақ әсер ететін бета-2 агонисті және ингаляциялық кортикостероид) пайдалану қажет болғанда демікпені тұрақты емдеу үшін көрсетілген: -ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа әсер ететін бета-2 агонистерімен тұрақты емнің көмегімен демікпені жеткілікті бақыламайтын пациенттерде қажеттілік бойынша немесе -ингаляциялық кортикостероидтардың және ұзақ әсер ететін бета-2 агонисттердің көмегімен демікпені бақылайтын пациенттерде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 4 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Пациенттердің ерекше топтары: Ересектер мен12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер: күніне екі рет 25 мкг сальметерол мен 50 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясы немесе күніне екі рет 25 мкг сальметерол мен 125 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясы немесе күніне екі рет 25 мкг сальметерол мен 250 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясы. Серетидтің қысқа мерзімді сынағын демікпені жедел бақылау маңызды болып табылатын орташа ұзаққа созылған демікпесі бар ересектерде немесе жасөспірімдерде бастапқы қолдаушы терапия ретінде (күнделікті симптомдары, күнделікті құтқарылуы және ауа ағынының орташа немесе қатты шектелуі бар пациенттер ретінде анықталатын) қарастыруға болады. Мұндай жағдайларда ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 25 мкг салметеролдың және 50 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясын құрайды. Демікпені бақылауға қол жеткізгеннен кейін емдеуді қайта қарау және пациенттер тек ингаляциялық кортикостероидтарға ауысу керек пе деген мәселені қарастыру қажет. Емдеуді тоқтатқан кезде пациенттерді үнемі тексеріп отыру маңызды. Бір немесе екі ауырлық критерийі болмаған кезде бастапқы демеуші ем ретінде пайдаланылатын бір ингаляциялық флутиказон пропионатына қарағанда айқын артықшылығы көрсетілмеген. Жалпы, пациенттердің көпшілігі үшін ингаляциялық кортикостероидтар бірінші кезектегі терапия болып қала береді. Серетид жеңіл дәрежедегі демікпені бастапқы емдеуге арналмаған. 25 мкг / 50 мкг Серетид ауыр демікпесі бар ересектер мен балаларға қолдануға жарамайды; ауыр демікпесі бар пациенттерде кез келген бекітілген біріктірілімді пайдалануға болатын уақытқа дейін ингаляциялық кортикостероидтардың тиісті дозасын белгілеу ұсынылады. 4 және одан жоғары жастағы балалар: күніне екі рет 25 мкг сальметерол және 50 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясы. Балалардағы ингалятордың Серетид Эвохалер препаратымен жасалған флутиказон пропионатының ең жоғары дозасы күніне екі рет 100 микрограммды құрайды. Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларға қолдану туралы деректер жоқ. Орташа ұзаққа созылған бронх демікпесі бар ересектер мен балаларды емдеу үшін (дәріні күнделікті қолдану, симптомдардың күнделікті пайда болуы, , оларды тез жою және ауа көлемін орташадан ауыр дәрежеге дейін шектеу үшін) Серетид Эвохалер препаратын, егер ауру симптомдарын жылдам бақылауға қол жеткізу қажет болса, бастапқы демеуші ем ретінде қолдануға болады. Мұндай жағдайларда препаратты бастапқы дозалау кезінде тәулігіне 2 рет 25 мкг сальметерол мен 50 мкг флутиказон пропионатының екі ингаляциясын қолдану ұсынылады. Бронх демікпесі симптомдарын бақылауға қол жеткізгеннен кейін емді қайта қарастыру және науқасты ингаляциялық кортикостероидпен өз бетінше емдеуге ауыстыру туралы мәселені шешу керек. Науқасты емдеу қайта қаралатындықтан, функционалды жағдайды үнемі бағалау керек. Бастапқы демеуші ем ретінде ингаляциялық Флутиказон пропионатын дербес қабылдаумен салыстырғанда серетидті қолдануда айқын артықшылықтың ауырлығының бір немесе екі критерийі болмаған жағдайда көрсетілмейді. Ингаляциялық кортикостероидтар пациенттердің көпшілігін емдеуге арналған бірінші кезектегі препараттар болып табылады. Серетид Эвохалер препараты жеңіл дәрежедегі бронх демікпесін емдеудің бастапқы кезеңінде тағайындалмайды. 50 мкг/25 мкг дозадағы Серетид Эвохалер ауыр бронх демікпесі бар ересектер мен балаларды емдеу үшін қолайлы емес. Ауыр бронх демікпесі бар пациенттерді емдеу үшін кез келген бекітілген біріктірілімді қолданар алдында алдымен ингаляциялық кортикостероидтың тиісті дозасын белгілеу ұсынылады. Пациенттердің жекелеген топтары: егде жастағы немесе бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Ингаляторды қолдану жөніндегі нұсқаулық Ингаляторды тексеру: Алғашқы қолданар алдында мүштіктің қалпақшасын қақпақтың бүйіріне жеңіл басу арқылы алып тастау, ингаляторды мұқият сілку және дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін ауаға бір рет бүрку жасау қажет. Ингалятордан бөгде заттарды алып тастау үшін және ингалятордың ішіндегісін біркелкі араластыру үшін ингаляторды мұқият сілку қажет. Егер ингалятор бір аптадан артық қолданылмаса, ауаға екі рет бүрку керек. Ингаляторды қалай қолдану керек: Қалпақшаны екі бүйірінен сәл қысып, мүштіктің қалпақшасын шешіңіз. Ингаляторды, мүштікті қоса, сыртынан және ішінен бөгде заттардың болуын тексеру үшін қарау керек. Құрылғының бетінен кез келген бөгде заттарды алып тастау және ингалятордың ішіндегісін біркелкі араластыру үшін ингаляторды мұқият сілкіңіз. Ингаляторды бас бармақ пен басқа саусақтардың арасына, бас бармақты мүштіктен төменірек түбіне қойып, тігінен алыңыз. Мүмкіндігінше терең дем алыңыз, содан кейін мүштікті аузыңызға тістің арасына салыңыз, тістеместен, ерніңізді жымқыра жабыңыз. Ауызбен демді ішке алғаннан кейін бірден ингалятордың ұшарбасын бүрку үшін басып, демді терең және баяу ішке тартуды жалғастырыңыз. Демді сыртқа шығармастан, ингаляторды ауыздан шығарады және ингалятордың ұшарбасынан саусақты алады. Мүмкіндігінше демді сыртқа шығармауды жалғастырыңыз. Екінші рет бүрку үшін ингаляторды тігінен ұстап және шамамен 30 секундтан кейін 2-6 қадамдарды қайталаңыз. Препаратты қолданғаннан кейін аузыңызды шайып, суды түкіріңіз Мүштіктің қалпақшасын басу және қажетті қалыпта сарт еткізу арқылы жабыңыз. Маңызды 4, 5 және 6-кезеңдерді орындау кезінде асықпаңыз. Бүркімес бұрын, мүмкіндігінше баяу дем алуды бастау өте маңызды. Алғашқыда айна алдында бірнеше рет жаттығуға болады. Егер ингалятордың жоғарғы жағынан немесе ауыздың айналасында «бұлт» пайда болса, әрекеттерді 2-сатыдан бастап қайталау қажет. Егер дәрігер ингаляторды қолдану бойынша басқа нұсқаулар берсе, оларды басшылыққа алу керек. Қиындықтар туындаған кезде дәрігерге хабарлаңыз. Балалар Кішкентай балаларға ингаляторды пайдалану кезінде ересек адамның көмегі қажет болуы мүмкін. Баладан дем алуды өтіну және бала демді ішке ала бастағаннан кейін бірден шашырату керек. Техниканы бірге жасауға болады. Үлкен жастағы балалар немесе қолдары әлсіз адамдар ингаляторды екі қолымен ұстауы тиіс. Екі сұқ саусағын ингалятордың жоғарғы жағына, ал екі бас бармақты мүштіктің төменгі жағындағы түбіне орналастырады. Тазалау: Ингаляторды аптасына кемінде бір рет тазалау керек. Мүштіктің қалпақшасын шешіңіз. Пластик корпустан баллончикті шығармаңыз. Мүштіктің ішкі және сыртқы беттерін, пластик корпусты құрғақ шүберекпен немесе сүрткімен сүртіңіз. Мүштіктің қалпақшасын орнына қойыңыз. МЕТАЛЛ БАЛЛОНЧИКТІ СУҒА САЛМАҢЫЗ. Тағайындалған дозадан асыру ұсынылмайды. Ауруды бақылауды сақтау үшін ең аз тиімді дозаны қабылдау маңызды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.