+314 бонус

СЕНАДЕ №500 таб Сенны экстракт

6290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сенны гликозиды
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ципла Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 15% кальций сеннозиді (13.5 мг А және В сеннозидтері сенна кальций тұзына баламалы), 90.00 мг, қосымша заттар: лактоза, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, натрий кармеллозасы.
Қолданылуы
созылмалы іш қатуларда геморрой, проктит, тік ішектің сызаттары кезінде нәжісті реттеуге рентгенологиялық зерттеуге дайындауға
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ішек бітелісі және стеноз, атония, аппендицит, тоқ ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) шығу тегі белгісіз іштің ауыруы, су-электролиттік метаболизмдік бұзылулармен ауыр сусыздану тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: ұйқыға жатар алдында 1 таблеткадан, сумен немесе басқа сусынмен ішіп қабылдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ұйқыға жатар алдында ½ таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка. Енгізу әдісі мен жолы Ішке әдетте кешкі ұйқыға жатар алдында тәулігіне бір рет қабылдайды. Таңдау барысында белгілі бір дозаны бірнеше күн қабылдаған және оны біртіндеп ½ таблеткаға дейін арттырып отырған жөн. Ең жоғары дозаға жеткеннен кейін 3 тәулік ішінде дефекация болмаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Артық дозалау жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: Артық дозаланудың /шамадан тыс пайдаланудың негізгі симптомдарына іштің ауыруы және ауыр диарея жатады, бұл сусыздануға және қалпына келтіруді қажет ететін электролиттер мөлшерінің азаюына әкеледі. Диарея негізінен калий деңгейінің төмендеуіне әкеледі, әсіресе жүрек гликозидтерін, диуретиктерді, адренокортикостероидтарды немесе мия тамыры препараттарын бір уақытта қабылдаған жағдайда, жүрек бұзылыстары мен бұлшықет астениясына әкелуі мүмкін. Емі: Емдеу сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдаумен қатар жүруі тиіс. Электролиттерді, әсіресе калийді бақылау қажет. Бұл әсіресе, егде жастағы пациенттер үшін өте маңызды. Құрамында антраноидтар бар дәрілік заттардың ұзақ уақыт артық дозалануы уытты гепатитке әкелуі мүмкін. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар Әдетте кешке ұйықтар алдында тәулігіне бір рет ішке қабылдайды. Утилизациялауға ерекше талаптар жоқ. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі - аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе, жергілікті немесе жайылған экзантема) Тұрақты немесе ұзақ қолданған кезде: - іштің шаншып ауыруы, сұйық нәжіспен болатын құрысулар, метеоризм, жүрек айну және құсу, әсіресе тітіркенген тоқ ішек синдромы бар пациенттерде. Алайда, бұл белгілер жеке артық дозалануға байланысты байқалады. Мұндай жағдайларда препарат қабылдауды тоқтату немесе дозаны төмендету талап етіледі. - cұйықтық пен электролит алмасуының теңгерімінің бұзылуы, бұл салдарлы дегидратацияның, гипотонияның, әсіресе егде жастағы адамдарда, альбуминурияның, гематурияның және уремияның дамуына әкеледі - ішектің шырышты қабығының пигментациясы, ол әдетте препаратты тоқтатқанда азаяды - несеп метаболиттерінің рН-қа байланысты сары немесе қызғыш-қоңыр түске боялуы (препаратты тоқтату талап етілмейді) Сирек - артық дозаланғанда гипокалиемия Гипокалиемия этиологиясы көп факторлы сипатқа ие: электролиттердің ішекпен тасымалдануы гипокалиемияны күшейтеді, әсіресе қатар қабылданатын жүрек гликозидтерінде, диуретиктерде, жүрек кінәраттарына және бұлшықет босаңдығына, плазмадағы ренин деңгейінің жоғарылауына, қайталама альдостеронизмге және сіңудің төмендеуіне әкеледі. Бұл өзгерістер, әдетте, іш жүргізетіндер тоқтатылғаннан кейін қайтымды болады. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.