+1430 бонус

СЕЛЛСЕПТ 250 мг №100 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
28600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микофеноловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Делфарм Милано С.р.л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 250 мг микофенолат мофетилі, қосымша заттар: желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон (К90), магний стеараты, капсула құрамы: корпус – титанның қостотығы Е171, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е172, желатин, қақпақша – титанның қостотығы Е171, индигокармин Е132, желатин, баспалық сия.
Қолданылуы
Селлсепт® циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде ересектер мен 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларда бүйрек, жүрек немесе бауыр аллотрансплантатының жедел ажырауының профилактикасы үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
микофенолат мофетиліне, микофенол қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Селлсепт® препаратына аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған. препаратты контрацепцияның жоғары тиімді әдістерін пайдаланбайтын, бала туу әлеуеті бар әйелдерге тағайындауға болмайды препаратты жүктілік кезеңінде абайсызда қолдануды болдырмау үшін, бала туу әлеуеті бар әйелдерде емдеуді жүктілікке тестілеу нәтижелері болмаса, бастауға болмайды трансплантаттың ажырауын болдырмау үшін баламалы ем болмаған жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындауға болмайды
Дозасы
Препаратты үнемі дәрігердің нұсқауларына толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән пайда болса, дәрігермен кеңесіңіз. Дозалануы жасалған трансплантацияның типіне байланысты болады. Әдеттегі дозалары төменде көрсетілген. Емдеу ауыстырып салынған ағзаның ажырауының алдын алу үшін қанша уақыт керек болса, сонша жалғасады. Бүйрек трансплантациясы Ересектер Бірінші дозаны трансплантациядан кейін 3 күннің ішінде қабылдайды. Тәуліктік доза 8 капсуланы (2 г препаратты) құрайды, 2 бөліп қабылданады. 4 капсуланы таңертең және 4 капсуланы кешке қабылдаңыз. Балалар Капсулалар қатты дәрілерді тұншығу қаупінсіз жұта алатын балаларға ғана жарамды. Сондықтан препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беру керек. Егер сіз күмәндансаңыз, қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Доза баланың көлеміне байланысты өзгереді. Емдеуші дәрігер баланың бойы мен салмағына қарай (шаршы метрмен немесе «м²» өлшенетін дене беткейінің ауданы) ең қолайлы дозаны анықтайды. Ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 600 мг/м² құрайды. Ұсынылатын демеуші доза күніне екі рет 600 мг/м² құрайды (ең жоғары жалпы тәуліктік доза — 2 г). Дозаны дәрігердің клиникалық бағалауы негізінде әркімге жеке таңдау керек. Жүрек трансплантациясы Ересектер Бірінші доза трансплантациядан кейін 5 күннің ішінде енгізіледі. Тәуліктік доза 12 капсуланы (3 г препаратты) құрайды, екі бөліп қабылданады. 6 капсуланы таңертең және 6 капсуланы кешке қабылдаңыз. Балалар Капсулалар қатты дәрілерді тұншығу қаупінсіз жұта алатын балаларға ғана жарамды. Сондықтан препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беру керек. Егер сіз күмәндансаңыз, қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Доза баланың көлеміне байланысты өзгереді. Емдеуші дәрігер баланың бойы мен салмағына қарай (шаршы метрмен немесе «м²» өлшенетін дене беткейінің ауданы) ең қолайлы дозаны анықтайды. Ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 600 мг/м² құрайды. Дозаны дәрігердің клиникалық бағалауы негізінде әркімге жеке таңдау керек. Жағымдылығы жақсы болғанда дозаны қажет болса күніне екі рет 900 мг/м2 дейін арттыруға болады (ең жоғары жалпы тәуліктік доза — 3 г). Бауыр трансплантациясы Ересектер Селлсепт® препаратының бірінші дозасын сізге трансплантациядан кейін кем дегенде 4 күннен соң, сіз пероральді препараттарды жұта алатын болған кезде пероральді енгізеді. Тәуліктік доза 12 капсуланы (3 г препаратты) құрайды, екі бөліп қабылданады. 6 капсуланы таңертең және 6 капсуланы кешке қабылдаңыз. Балалар Капсулалар қатты дәрілерді тұншығу қаупінсіз жұта алатын балаларға ғана жарамды. Сондықтан препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беру керек. Егер сіз күмәндансаңыз, қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Доза баланың көлеміне байланысты өзгереді. Емдеуші дәрігер баланың бойы мен салмағына қарай (шаршы метрмен немесе «м²» өлшенетін дене беткейінің ауданы) ең қолайлы дозаны анықтайды. Ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 600 мг/м² құрайды. Дозаны дәрігердің клиникалық бағалауы негізінде әркімге жеке таңдау керек. Жағымдылығы жақсы болғанда дозаны қажет болса күніне екі рет 900 мг/м2 дейін арттыруға болады (ең жоғары жалпы тәуліктік доза — 3 г). Енгізу әдісі және жолы Капсулаларды тұтастай, стақан сумен ішу арқылы жұтыңыз. Оларды сындырмаңыз және ұсақтамаңыз. Ашылған немесе жарылған капсулаларды қабылдамаңыз. Ашылған касуланың ұнтағы көзге немесе ауызға еніп кетпеуін қадағалаңыз. Егер бұлай болса, көп мөлшердегі таза сумен жуыңыз. Ашылған касуланың ұнтағы теріге тиіп кетпеуін қадағалаңыз. Бұл жағдайда зақымданған аймақты сабынды сумен мұқият жуыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.