+175 бонус

СЕФПОТЕК 200 мг №10 таб

3505 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефподоксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 260,90 мг цефподоксим проксетилі (200 мг цефподоксимге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Авицел RC 591), натрий лаурилсульфаты, гидроксипропилцеллюлоза – L , аэросил 200, магний стеараты; қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), микрокристалды целлюлоза (Е460), стеарин қышқылы (Е570), титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Cефпотек® препаратының емдік көрсеткіштері оның бактерияға қарсы белсенділігі мен фармакокинетикалық қасиеттеріне негізделген. Ересектерде олар сезімтал бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеумен шектеледі, атап айтқанда: - жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит - жедел синусит - қауіп тобындағы пациенттердегі жедел бронхит (әсіресе алкогольді шамадан тыс пайдаланатын адамдарда, шылым шегушілерде және 65 жастан асқан адамдарда және т. б.) - өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, әсіресе қайталанған эпизодтарда немесе қауіп тобындағы пациенттерде - тыныс алу жолдарының бактериялық инфекциялары, әсіресе қауіп тобындағы пациенттерде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - цефалоспорин тобының антибиотиктеріне белгілі аллергияда
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға арналған тәуліктік доза-200-400 мг Синусит кезінде: 200 мг тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын. Тонзиллит және фарингит кезінде: 100 мг (1/2 таблетка) тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын. Жедел бронхитте, созылмалы бронхиттің өршуі және бактериялық пневмония кезінде: инфекцияның ауырлығына байланысты тәулігіне 2 рет 100-200 мг, әр 12 сағат сайын. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Егер креатинин клиренсі 40 мл/мин-ден асса, дозаны түзету талап етілмейді. Егер креатинин клиренсі 40 мл/мин төмен болса, тәуліктік дозаны екі есе азайтып, бір реттік тәуліктік дозамен шектеген жөн. Енгізу әдісі және жолы СЕФПОТЕК® дәрілік препараты ішке қабылдауға арналған. Оңтайлы сіңуін қамтамасыз ету үшін СЕФПОТЕК® препаратын тамақтану кезінде қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлығына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.