+120 бонус

СЕДАВИТ №20 таб Комплекс

2410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Снотворные и седативные препараты (исключая барбитураты) в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ПАО Киевмедпрепарат
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: седавиттің қою экстрактісі, құрғақ затқа шаққанда* – 170,0 мг, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді 100 % затқа шаққанда) – 3,00 мг, РР дәрумені (никотинамид, 100 % затқа шаққанда) – 15,00 мг; қосымша заттар: картоп крахмалы; натрий кроскармелозасы; лактоза моногидраты; микрокристалды целлюлоза, кальций стеараты. * – 1 г Седавиттің қою экстрактісі құрамында: 35 % этанол Р-мен (1:4.5) экстрагирленген флавоноидтар 0,01 г-дан кем емес, құрғақ затқа және рутинге шаққанда, қоспалармен: шүйгіншөп тамырлары тамырсабақтарымен (2 бөлік), долана жемістері (2 бөлік), шайқурай шөбі (1 бөлік), бұрыш жалбызының жапырақтары (2 бөлік), құлмақ бүршігі (2 бөлік). Экстрагенттен басқа қосымша заттар жоқ.
Қолданылуы
- «менеджер» синдромында (үнемі психикалық ширығу жағдайында) - ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, шаршаумен, селқостықпен, жадының бұзылуымен, психикалық жүдеумен қатар жүретін неврастенияда және неврастениялық реакцияларда - гипертензиялық және кардиальді типтегі нейроциркуляторлық дистонияда - астениялық синдромда (гиперстениялық түрі) - І сатыдағы артериялық гипертензияда - ұйқысыздықта (жеңіл түрінде) - қышытатын дерматозда (экземада, есекжемде) - жүйке ширығуына байланысты бас ауыруында, бас сақинасында - климактериялық синдромда және дисменореяның жеңіл түрінде симптоматикалық дәрі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық - депрессия және орталық жүйке жүйесі жұмысын бәсеңдетумен қатар жүретін жай-күйлер - бронх демікпесі, спазмофилия - айқын артериялық гипотензия, брадикардия, миастения - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы - жүректің ишемиялық ауруы - бауыр ауруы, гиперурикемия, подагра - декомпенсацияланған қант диабеті - несеп-тас ауруы - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға препаратты тәулігіне 2 таблеткадан 3 рет тағайындайды. Қажеттілікке байланысты бір реттік дозаны 3 таблеткаға дейін жоғарылатады. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар (ұйқышылдық, бас айналу) пайда болған жағдайда тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындайды. Препаратты қабылдау аралықтары – 8 сағат. Препаратты болжамды эмоциялық жүктемеге дейін 30-60 минут бұрын 2-3 таблеткадан бір рет қабылдауға болады. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты шайнамай, аз ғана мөлшердегі сұйықтықпен ішеді. Жүрек айнуы пайда болған жағдайда препаратты тамақ ішу кезінде қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы ауру симптомдарының түрі мен айқындылығына, қатар жүретін ем сипатына, қол жеткізген емдік әсерге байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.