+99 бонус

СЕДАВИТ 100мл сироп Комплекс

1990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Снотворные и седативные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Галичфарм АО
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл дәрілік заттың құрамында: белсенді заттар: Седавит сұйық экстракті (Extractum sedaviti fluidum) (экстрагент – этанол 35% об / об) (1:4,5) ДӨШ қоспасынан: шүйгіншөп тамырының тарам-тамырлары (Valerianae Rhizoma cum Radicibus), долана жемістері (Crataegi fructus), шайқурай шөбі (Hyperici herba), бұрыш жалбызы жапырақтары (Menthae piperitae folium), құлмақ бүршігі (Lupuli flos) – 0,94 мл; пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) – 0,60 мг; Никотинамид (РР дәрумені) – 3,00 мг. қосымша зат: сорбит (Е 420) – 100.00 мг.
Қолданылуы
- тұрақты психикалық күйзеліс жағдайы (менеджер синдромы) - ашуланшақтықпен, мазасыздықпен, қорқынышпен, шаршаумен, алаңдаушылықпен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, психикалық сарқылумен қатар жүретін жүйкенің бұзылуы және жүйкенің бұзылу реакциялары - гипертензиялық және кардиологиялық түрі бойынша нейроциркуляциялық дистония - әлсіздік синдромы (гиперстениялық түрі) - I сатыдағы артериялық гипертензия - ұйқысыздық (жеңіл түрлері) - қышытатын дерматоздар (экзема, есекжем) - жүйкенің кернеуіне байланысты бас ауруы, бас сақинасы - климакстық синдромға және дисменореяның жеңіл түрлеріне симптоматикалық дәрі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық - депрессия және ОЖЖ тежелуімен қатар жүретін жай-күй - бронх демікпесі - айқын артериялық гипотензия, брадикардия - миастения - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы - бауыр аурулары - жүректің ишемиялық ауруы - гиперурикемия, несеп-тас ауруы - құяң - декомпенсацияланған қант диабеті - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты күніне 3 рет 5 мл-ден тағайындау керек. Қажет болса, бір реттік дозаны 10 мл-ге дейін арттыру керек. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар (ұйқышылдық, бас айналу) пайда болған жағдайда таңертең және күндіз 2,5 мл-ден және түнде 5 мл-ден тағайындау керек. Қабылдаудың аралығы - 8 сағатты құрайды. Препаратты болжамды эмоциялық жүктемеден 20-30 минут бұрын 5-10 мл-ден бір рет қолдануға болады. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ішке қабылдау керек. Препаратты сұйылтылмаған күйінде немесе сусындармен (шай, шырын) бірге қабылдау керек. Жүрек айныған жағдайда препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеудің ұзақтығы ауру симптомдарының түрі мен ауырлығына, қатар жүретін емнің сипатына, емнің қол жеткізілген әсеріне байланысты болады және оны дәрігер айқындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.