+134 бонус

Сантабрим гл.кап. 0,1% 5 мл

2680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бримонидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл препараттың құрамында белсенді зат: бримонидин тартраты 1,0 мг қосымша заттар: бензододецин бромиді, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий бораты, калий хлориді, кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты, натрий гидроксиді, хлор сутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ашық бұрышты глаукома, офтальмогипертензияда (монотерапияда немесе КІҚ төмендететін басқа препараттармен біріктірілімде).
Қарсы көрсетілімдер
- бримонидинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; - моноаминоксидаза тежегіштерімен немесе норадреналин босатып шығару арқылы әсер ететін басқа да антидепрессанттармен (мысалы, трициклдық антидепрессанттар және миансерин) бір мезгілде қолдану; - 2 жасқа дейінгі балалар; - емшек емізу кезеңі.
Дозасы
Жергілікті. Зақымданған көздің конъюнктивалық қабына 1 тамшыдан енгізудің 8 сағат аралығымен тәулігіне 3 рет. Препараттың жүйелік экспозициясын төмендету үшін тамызғаннан кейін бірден көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығының аймағын (көз жасы нүктесін жауып) 1 минут басып тұру ұсынылады. Бримонидинді КІҚ төмендету мақсатында басқа офтальмологиялық препараттармен бірге қолдануға болады. Екі немесе одан да көп препараттарды қолданған кезде инстилляциялар арасында 5 минуттық үзіліс жасау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. 2 жастан асқан балаларға арналған дозалар ересектерге арналған дозалармен бірдей. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде бримонидинді қолдану зерттелмеген; мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бримонидинді қолдану зерттелмеген; мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет Енгізу әдісі және жолы Көзге тамызу үшін. Препаратты тамызған кезде тамшылатқыш-тығынның ұштығы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш-тығынның ұштығы қабақпен немесе көздің айналасындағы басқа аймақтармен жанаспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.