+334 бонус

САЛОФАЛЬК 500мг №50 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
6695 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Месалазин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Лозан Фарма ГмбХ,
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – месалазин (5-аминосалицил қышқылы), 500 мг; қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, глицин, повидон (К 25), микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, натрий кроскармеллозасы қабықтың құрамы: гипромеллоза, метакрил қышқылы метилметакрилат сополимері (1:1) (эудрагит L 100), макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), негізгі бутилденген метакрилат кополимері (эудрагит Е).
Қолданылуы
- спецификалық емес ойық жаралы колит (өршу кезеңінде және қайталанулардың профилактикасы) - Крон ауруы (профилактика, өршуді емдеу)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, ацетилсалицил қышқылы (мысалы, аспирин) сияқты салицилаттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Крон ауруы Ересектер Ішке 500 мг-ден тәулігіне 3 рет (1 таблеткадан). Аурудың күрделі түрлерінде дозаны 8-12 апта мерзімге тәулігіне 3-4.5 г дейін ұлғайтуға болады (тәулігіне 3 рет 2-3 таблеткадан). Қайталанулардың профилактикасы үшін препаратты тәулігіне 3 рет 500 мг-ден, қажет жағдайда бірнеше жыл бойы тағайындайды. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар Белсенді ауруда: доза жекелей анықталады, бірнеше қабылдауға бөлінген, бастапқы доза тәулігіне дене салмағына 30-50 мг/кг құрайды. Қайталанулардың профилактикасы үшін тәуліктік доза - 15-30 мг/кг дене салмағына 2 қабылдауға болады. Ең жоғарғы доза: тәулігіне дене салмағына 75 мг/кг. Жиынтық доза ересектерге арналған ең жоғарғы дозадан аспауы тиіс. Спецификалық емес ойық жаралы колитте Ересектер Ішке 500 мг-ден тәулігіне 3 рет (1 таблеткадан). Аурудың ауыр түрлерінде дозаны 8-12 апта мерзімге тәулігіне 3 г дейін ұлғайтуға болады (тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан). Қайталанулардың профилактикасы үшін препаратты тәулігіне 3 рет 500 мг-ден, қажет жағдайда бірнеше жыл бойы тағайындайды. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің ремиссиясын демеу үшін дозаны әдетте тәулігіне 1.5 г месалазин (дене салмағы 40 кг-нан асатын ересектер мен жасөспірімдер) және тәулігіне 0.75 г дейін месалазин (балалар/жасөспірімдер) төмендетеді. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар Демеуші ем бөлінген дозалармен дене салмағына/тәулігіне 15-30 мг/кг-нан бастап жекелей анықталады. Жиынтық доза ересектерге арналған ең жоғарғы дозадан аспауы тиіс. Өршуінде: Бөлінген дозалармен дене салмағына/тәулігіне 30-50 мг/кг-нан бастап жекелей анықталады. Ең жоғарғы доза: дене салмағына/тәулігіне 75 мг/кг. Жиынтық доза ересектерге арналған ең жоғарғы дозадан аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Таблеткаларды таңертең, түсте және кешке тамаққа дейін 1 сағат бұрын, көп мөлшердегі сумен қабылдау керек. Таблеткаларды шайнамай, тұтас жұту керек. Қалаулы емдік әсерге қол жеткізу үшін Салофальк таблеткаларын қабыну үрдісінің жедел сатысында да, сондай-ақ демеуші ем кезінде де тұрақты және үздіксіз қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Ойық жаралы колиттің жедел эпизодтарын емдеу әдетте 8 аптаға созылады. Препаратты қолдану ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.