САЛЬБУТАМОЛ АВ 100 мкг/доза 200 доз

880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сальбутамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ЗАО Алтайвитамины
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір дозаның құрамында белсенді зат – сальбутамол сульфаты – 120 мкг (100 мкг сальбутамолға баламалы), қосымша заттар: этанол (этил спирті 96 %), олеин қышқылы, тетрафторэтан (HFA–134а).
Қолданылуы
Ересектерде, жасөспірімдер мен 4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. Сальбутамол АВ тыныс жолдарының қайтымды обструкциясы жағдайында әсері жылдам (5 минут ішінде) басталатын қысқа мерзімді (4 сағаттан 6 сағатқа дейін) әсер беретін бронх дилатациясын қамтамасыз етеді. Негізінен, демікпе симптомдарын жеңілдету және алдын алу үшін қолайлы. Симптомдар туындаған жағдайда оларды жеңілдету үшін, және тұншығу ұстамасынан туындайтын жағдайлардың алдын алу үшін (мысалы дене жүктемесіне дейін немесе аллергеннің әсеріне ұшыраған жағдайда) қабылдау керек. Негізінен, жеңіл, орташа және ауыр демікпе кезінде, артынша кортикостероидтарды енгізу және олармен жүйелі ингаляциялық емді пайдалану жүргізілетін жағдайларда қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - мерзімінен бұрын босанулар - түсік тастау қаупі - 4 жасқа толмаған балалар Сальбутамолдың шығарылымының вена ішіне енгізуге арналмаған түрлері, мерзімінен бұрын босануда немесе түсік тастау қаупін тоқтату үшін қолданылмауы тиіс.
Дозасы
Дем алу мен ингалятордан дәріні босатып шығаруды үйлестіруге қиналатын адамдар Сальбутамол АВ препаратын спейсер түріндегі құрылғының көмегімен қолдануына болады. Ересектер және егде жастағы адамдар Бронх түйілуін қоса, демікпенің жедел симптомдарын басу үшін, бастапқы ең төменгі дозасы ретінде бір дозасын (100 мкг) қабылдауға болады. Қажет болған жағдайда, дозасын екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. Аллергеннен немесе дене жүктемесінен туындаған симптомдарды басу үшін, жүктемеге дейін 10-15 минут ішінде 2 ингаляциясын жасауға болады. Созылмалылық жағдайында – күніне 2-ден 4 ингаляцияға дейін. Балалар жасындағы пациенттер. Бронхтың жедел түйілуін басу. 12 жасқа толмаған балаларға арналған әдеттегі дозасы: бір ингаляция (100 мкг). Дозасын қажеттілігіне қарай екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. 12 жастағы және одан үлкен балалар: ересектерге арналғандай дозада. Аллергеннен немесе дене жүктемесінен туындаған бронх түйілуін басу. 12 жасқа толмаған балаларға арналған әдеттегі дозасы: жүктемеге немесе аллергенмен күтілген жанасуға дейін бір ингаляция (100 мкг). Дозасын қажеттілігіне қарай екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. 12 жастағы және одан үлкен балалар: ересектерге арналғандай дозада. Ұзақ емдеу. 12 жасқа толмаған балаларға арналған әдеттегі дозасы: екі ингаляцияға дейін күніне 4 рет. 12 жастағы және одан үлкен балалар: ересектерге арналғандай дозада. 5 жасқа толмаған балалардың қабылдауын жеңілдету үшін спейсерді пайдалануға болады. Сальбутамол АВ ингаляторын қажеттілігіне қарай пайдалану 24 сағат ішінде 8 ингаляциядан аспауы тиіс. Ондай жиі қосымша пайдалануға тәуелділік немесе байқаусызда дозасының арттырылуы демікпенің нашар бақыланатындығын немесе нашарлап бара жатқандығын көрсетеді. Енгізу әдісі және жолы Аэрозоль түріндегі Сальбутамол АВ препараты тек аэрозольді ауыз арқылы жұту жолымен ингаляциялау үшін қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.