+155 бонус

С-МЕЗОЛ 40 мг №1 флакон

9:00-ден кейін қолжетімді
3100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Naprod Life Sciences Pvt.Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 құтының ішінде белсенді зат - 42.55 мг натрий эзомепразолы 40 мг эзомепразолға баламалы қосымша заттар: маннитол, натрий карбонаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Инъекцияға және инфузияға арналған С-МЕЗОЛ дәрілік препараты ересектерге: - Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, асқазан секрециясын бәсеңдететін ем ретінде, мысалы: - эзофагиті және/немесе рефлюкстің ауыр көріністері бар пациенттерде гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) - асқазанның қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау түрткі болған ойық жара ауруын емдеу үшін - қауіп тобындағы пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің, ҚҚСП қабылдаумен байланысты ойық жара ауруының профилактикасы үшін. - Асқазанның немесе он екі елі ішектен жедел қан кетудің эндоскопиялық емінен кейін пациенттерде қайтадан қан кету дамуының профилактикасы үшін қолданылады. Инъекцияға және инфузияға арналған С-МЕЗОЛ дәрілік препараты 1-18 жас шамасындағы балалар мен жасөспірімдерде: - Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, асқазан секрециясын бәсеңдететін ем ретінде, мысалы: - эрозиялық рефлюксі, эзофагиті және/немесе рефлюкстің ауыр симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орынбасқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - нелфинавирмен бірге қолдану - бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, асқазан секрециясын бәсеңдететін ем Пероральді препараттарды қабылдай алмайтын пациенттерге, тәулігіне 20–40 мг парентеральді енгізуді тағайындауға болады. Рефлюкс-эзофагиті бар пациенттер тәулігіне бір рет 40 мг қолданғаны жөн. Рефлюкстік ауруына байланысты симптоматикалық ем қабылдап жүрген пациенттерге тәулігіне 1 рет 20 мг тағайындау керек. Асқазанның ҚҚСП емімен байланысты ойық жараларын жазу үшін әдеттегі дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП қолданумен байланысты ойық жараларының профилактикасы үшін, қауіп тобындағы пациенттер тәулігіне бір рет 20 мг қолдануы тиіс. Әдетте, венаішілік түрімен емдеу кезеңі ұзақ емес, пациентті препаратты пероральді қабылдауға барынша жылдамырақ көшіру керек. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасынан қайтадан қан кетудің профилактикасы Асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетудің эндоскопиялық емінен кейін препараттың дозасы 80 мг құрайды, оны 30 минут ішінде болюстік инфузия түрінде енгізеді, содан кейін 3 күн (72 сағат) бойы сағатына 8 мг дозада ұзақ венаішілік инфузиясын жүргізеді. Парентеральді ем аяқталған соң кейіннен қышқыл секрециясын басу үшін препаратты пероральді қабылдауға ауысу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.