+127 бонус

РОТАЦЕФ 1г №1 флакон+3,5 мл лидокаин

2540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИСПАНИЯ
  • Өндіруші: Лаборатории Торлан ЛДП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – 1.0 г сусыз цефтриаксон (1.079 сусыз натрий цефтриаксоны түрінде).
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал патогенді микроорганизмдер туғызған инфекциялар: • тыныс жолдарының инфекциялары, атап айтқанда, пневмония, құлақ, мұрын және тамақ инфекциялары; • құрсақ қуысының инфекциялары (перитонит, өт шығару жолдарының және асқазан-ішек жолының (АІЖ) инфекциялары); • бүйректің және несеп шығару жолдарының инфекциялары; • жыныс жолдарының инфекциялары, созды қоса; • сепсис; • сүйектер, буындар, жұмсақ тіндер инфекциялары, терілік және жарақаттық инфекциялар; • иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар; • менингит; • диссеминацияланған Лайм-боррелиоз (II және III сатылары). АІЖ, өт шығару жолдарына, несеп-жыныс жүйесіне жасалған хирургиялық араласулар кезінде, сондай-ақ гинекологиялық операциялар барысында операция кезіндегі инфекциялар профилактикасы, бірақ тек ықтималды немесе расталған инфекция жағдайында. Бактерияға қарсы дәрілерге төзімділіктің дамуын болдырмау үшін бактерияға қарсы дәрілерді талапқа сай қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарда мазмұндалған ақпаратты ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнездегі бактерияға қарсы басқа бета-лактамды препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар мен карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар); лидокаин еріткішіне аса жоғары сезімталдық. Лидокаин пайдаланылатын цефтриаксонның бұлшықет ішіне инъекциясын жасау алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдер бар-жоғын анықтау қажет. Лидокаин қолдануға қарсы көрсетілімдер лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды! жүрек өткізгіштігінің бұзылулары жүректің декомпенсацияланған жедел жеткіліксіздігі 41 аптаға дейінгі, соңғысын қоса (гестациялық + постнатальді жас қосындысы), шала туған нәрестелер цефтриаксонның ықпал етуімен сарысулық альбуминмен байланыстан билирубинді ығыстыру себебінен билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне орай, гипербилирубинемия бар жаңа туған нәрестелер жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер: Ротацеф препараты өліммен аяқталуға алып келетін өкпе мен бүйректегі цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет болатын немесе қажет болуы мүмкін жаңа туған (28 күнге дейінгі жастағы) нәрестелерге қарсы көрсетілімді. Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді алған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше жағдай тіркелді, осы орайда, өкпе мен бүйректен аутопсия кезінде преципитаттар табылды. Осы жағдайлардың кейбірінде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі пайдаланылды, басқа жағдайларда инфузиялық желіден шөгінді табылды. Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізгенде, кем дегенде, бір өліммен аяқталған неонатальді нәтиже хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар табылмады. Жаңа туған нәрестелерден тыс, пациенттердің басқа жас санаттарына қатысты осындай хабарламалар келіп түспеді.
Дозасы
Лидокаинді 15 жасқа толмаған балаларда Ротацеф препараты ұнтағының еріткіші ретінде қолдануға тыйым салынған. 15 жасқа толмаған балаларда келесі жолы бұлшықет ішіне енгізуге арналған Ротацеф препараты ұнтағының еріткіші ретінде инъекцияға арналған суды пайдалану керек. Бұлшықет ішіне енгізуді ірі бұлшықеттерде жүзеге асырған жөн, бір бұлшықетке енгізу 1 г-ден аспайды. Лидокаин еріткіш ретінде пайдаланылғанда алынған цефтриаксон ерітіндісін вена ішіне енгізу қарсы көрсетілімді! 15 жастан асқан пациенттерде лидокаин еріткіш ретінде пайдаланылса, лидокаинге тері ішіне аллергиялық сынама жасау ұсынылады. Лидокаин еріткіш ретінде пайдаланылғанда ерітіндіні енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдерінің бар-жоғын анықтау (лидокаин дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасын қараңыз), сондай-ақ анамнезіндегі лидокаинге аллергиялық реакцияларды ескеру керек (4.3 бөлімін қараңыз). Ересектер мен 12 жастан асқан балалар 1-2 г тәулігіне бір рет (әр 24 сағатта). Ауыр инфекцияларда немесе орташа сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларда бір реттік тәуліктік дозаны 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалар ұсынылады: Жаңа туған нәрестелер (14 күнге дейін) 20-50 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет; тәуліктік доза 50 мг/кг-ден аспауы тиіс. Ротацеф препараты етеккірлік кезеңнен кейінгі жаста 41 аптаға дейін шала туған нәрестелерде (гестациялық және постнатальді жас қосындысы) қарсы көрсетілімді (4.3 бөлімін қараңыз). Ротацеф препараты, цефтриаксон кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, құрамында кальций бар венашілік ерітінділермен емдеу талап етілетін жаңа туған (≤ 28 күн) нәрестелерге қарсы көрсетілімді (4.3 бөлімін қараңыз). Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен балалар (15 күндігінен бастап 12 жасқа дейін) 20-80 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға дағдылы ересек дозасын пайдалану керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары болмаған жағдайда ≥ 65 жастағы пациенттерде Ротацеф препаратының дозасын түзету қажет емес. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдерге және аурудың ағымына байланысты. Біріктірілген ем Ротацеф препараты мен аминогликозидтердің көптеген грам-теріс бактерияларға қатысты синергизмі бар екені тәжірибе жүзінде көріністелген. Осы біріктірілімдердің жоғары тиімділігі үнемі жорамалдана бермейтіндіктен, оны Pseudomonas aeruginosa тудырған өмірге қатерлі ауыр инфекцияларда қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Химиялық үйлесімсіздігіне орай, екі дәрілік зат та ұсынылған дозасында әр бөлек енгізілу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.