+800 бонус

РОНКОЛЕЙКИН 250 000 МЕ 1 мл №5 амп

16000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерлейкины
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «НПК БИОТЕХ»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 0,25 мг, 0,5 мг немесе 1,0 мг адамның рекомбинантты интерлейкині-2. қосымша заттар – маннитол, натрий лаурилсульфаты, дитиотреитол, аммоний гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде кешенді ем құрамында: әдеттегі ауытқымалы иммундық тапшылық біріктірілген иммундық тапшылық жедел перитонит жедел панкреатит остеомиелит эндометрит ауыр пневмония сепсис босанғаннан кейінгі сепсис өкпе туберкулезі басқа жайылған және ауыр шоғырланған инфекциялар инфекцияланған термиялық және химиялық күйіктер бүйрек-жасушалық обырдың диссеминацияланған және жергілікті таралған түрлері 0 жастан бастап балалардағы кешенді емде: әдеттегі ауытқымалы иммундық тапшылық біріктірілген иммундық тапшылық жедел перитонит жедел панкреатит остеомиелит ауыр пневмония жаңа туған нәрестелердегі бактериялық сепсис сепсис басқа жайылған және ауыр шоғырланған инфекциялар
Қарсы көрсетілімдер
Анамнездегі интерлейкин-2 немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, ашытқыларға аллергия, жүктілік, аутоиммундық аурулар, III сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі, III сатыдағы өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, мидың метастазалық зақымдануы, бүйрек-жасушалы обырдың терминалдық сатысы. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде, декомпенсацияланған бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен.
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Ронколейкин® тәулігіне 1 рет тері астына немесе вена ішіне 1-3 күн аралықпен 0,5 - 1,0 мг тамшылатып енгізіледі, курста - 1-3 енгізу. Вена ішіне енгізу үшін препаратты ампуладан алып инъекцияға арналған натрий хлоридінің 400 мл изотониялық ерітіндісіне қосады. Ерітіндінің барлық көлемі 4-6 сағат бойы инфузия арқылы тамшылатып енгізіледі. Препарат ерітіндісі мөлдір, түссіз және құрамында бөгде қосылыстарсыз болуы тиіс. Ронколейкин® иммундық терапиясы негізгі аурудың/жарақаттың, санацияның және инфекциялық ошақтың талапқа сай дренаждаудың өмірге қауіп төндіретін салдарын жоюға бағытталған шұғыл және жедел хирургиялық араласулар аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Ауыр сепсисті емдеу кезінде Ронколейкиннің® бірден үш курсқа дейін жүргізіледі. Курс күніне 0,5 мг дозада 2 в/і инфузияны қамтиды. Ронколейкиннің® екінші және үшінші курстарын тағайындаудың критерийі емдеу кезінде сақталатын лимфопения (абсолютті және/немесе салыстырмалы) болып табылады. Өкпенің алғаш анықталған инфильтрациялық деструктивті туберкулезінде - спецификалық полихимиотерапия аясында 48 сағат аралықпен 0,5 мг дозадағы Ронколейкин® 3 в/і инфузиясы. Өкпенің үдемелі фиброзды-кавернозды туберкулезінде (ФКТ) операция алдындағы дайындық үшін спецификалық полихимиотерапия аясында: біржақты ФКТ – Ронколейкинді® 48 сағат аралықпен 1 мг-ден  3 в/і енгізу; екі жақты ошақтық диссеминациясымен  өкпенің таралған ФКТ-де – Ронколейкин® 7 в/і енгізу: бірінші апта ішінде 1 мг-ден 48 сағат аралықпен 3 енгізу, әріқарай екі апта бойына аптасына екі рет 1 мг-ден. Иммунотерапияның ұсынылатын курсы операциялық араласым алдында 7-10 күн бұрын аяқталуы тиіс. Өкпе туберкулезіне Ронколейкин® тағайындау дене салмағының 30%-дан астам тапшылығында орынсыз. Бүйрек-жасушалы обырының кең таралған және жергілікті таралған түрлеріндегі Ронколейкинмен® емдеу курсы мыналарды қамтиды: - операциядан 24 сағат бұрын 0,5 мг дозада препаратты бір реттік т/а немесе в/і енгізу; - емнің алғашқы төрт аптасы ішінде күнара 8-апталық иммунохимиотерапия курсы құрамында в/і 2,0 мг-ден. Қайталанатын курстар 1-2 айдан кейін жүргізіледі. Балаларда Ронколейкин® вена ішіне тамшылатып қолданылады. Қолдану сызбалары ересектердегіге сәйкес келеді. Препаратты инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9% изотониялық ерітіндісінде сұйылтады. Препараттың бір реттік дозасы және изотониялық ерітіндісінің көлемі балаларда жас шамасына байланысты: - 0-ден 1 айға дейін – 30-50 мл ерітіндіде 0,1 мг; - 1 айдан бастап 1 жасқа дейін – 100 мл ерітіндіде 0,125 мг; - 1 жастан 7 жасқа дейін – 200 мл ерітіндіде 0,25 мг; - 7 жастан асқан – 200 мл ерітіндіде 0,5 мг; - 14 жастан асқан – 400 мл ерітіндіде 0,5 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.