+157 бонус

РОФЛОКСАН р-р д/инф. 2мг/мл 100мл

3155 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Офлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - офлоксацин 2 мг (офлоксацин гидрохлориді түрінде); қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Офлоксацин ересектерде келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - жедел пиелонефритте және несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында; - бактериялық простатитте, эпидидимоорхитте; - кіші жамбас ағзаларының инфекцияларында, бактерияға қарсы басқа дәрілермен біріктірілімде; - уросепсисте. Төменде көрсетілген инфекцияларды емдеу үшін, офлоксацинді тек, осы көрсетілімдер бойынша бактерияға қарсы басқа дәрілік заттарды қолдану мүмкін болмаған немесе негізсіз болған жағдайларда ғана пайдалану керек: - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында; - бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының ауыр асқынуында; - ауруханадан тыс пневмонияда. Препаратты қолданғанда бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- офлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; - анамнездегі, фторхинолондарды қабылдағаннан кейін туындаған тендинит; - эпилепсия немесе құрысу шегінің төмендеуі; - 18 жасқа дейінгілер; - жүктілік және бала емізу кезінде, балалар мен шаранада артропатиялар дамуы мүмкіндігіне байланысты; - глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ақауы, гемолиздік реакциялардың болуы мүмкіндігіне байланысты.
Дозасы
Офлоксациннің дозасы инфекцияның түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты анықталады. Офлоксациннің 400 мг дейінгі тәуліктік дозасын бір реттік доза ретінде енгізуге болады. Бұл жағдайда препаратты таңертең енгізген дұрыс. 400 мг асатын тәуліктік дозаларын екі қабылдауға бөлу және бірдей уақыт аралықтары сайын қабылдау керек. Ересектер Ересектерге арналған әдеттегі венаішілік дозалары: Созылмалы бронхиттің ауыр асқынуы, ауруханадан тыс пневмония: күніне 2 рет 200 мг. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары: күніне 2 рет 400 мг. Ауыр немесе асқынған инфекциялар жағдайларында дозасын күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.