+188 бонус

РОДИНИР 250мг/5мл 60мл №1 пор д/сусп д/внут прим

3770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефдинир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: ФармаВижн Санайи ве Тиджарет А. Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
60 мл ішінде белсенді зат-цефдинир 3 г қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, гуар шайыры, коллоидты гидратацияланған кремнийдің қостотығы, магний стеараты, құлпынай хош иістендіргіші, кремді хош иістендіргіші, сахароза.
Қолданылуы
Родинир микроорганизмдердің сезімтал штаммдарынан туындаған жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі инфекцияларды емдеуге арналған. Препаратқа төзімді бактериялардың дамуын азайту және цефдинирдің және басқа бактерияға қарсы дәрілердің тиімділігі үшін цефдинирді тек сезімтал микроорганизмдерден туындаған деп дәлелденген немесе негізді түрде болжанатын инфекцияларды емдеу немесе алдын алу үшін қолдану керек. Егер қоздырғыш және оның сезімталдығы туралы ақпарат болса, оны бактерияға қарсы терапияны таңдау немесе өзгерту кезінде ескеру қажет. Мұндай деректер болмаған жағдайда бактерияға қарсы емдеуді таңдаған кезде патогендік микроорганизмдер айналымының жергілікті ерекшеліктерін және бактерияға қарсы дәрілерге төзімділіктің даму үлгілерін ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың компоненттеріне немесе цефалоспорин класындағы басқа антибиотиктерге жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Балалардағы инфекциялар кезінде ұсынылатын доза мен емдеу ұзақтығы төменде сипатталған; барлық инфекциялар кезінде жалпы тәуліктік доза 14 мг/кг құрайды, тәулігіне 600 мг ең жоғары дозаға дейін. 10 күн бойы тәулігіне 1 рет қолдану тәулігіне 2 рет қолдану сияқты тиімді. Тәулігіне 1 рет қолдану тері инфекциялары кезінде зерттелмеген; осы себепті осы инфекция кезінде ішуге арналған цефдинир суспензиясын тәулігіне 2 рет қабылдау керек. Ішуге арналған цефдинир суспензиясын тамақтану уақытына қарамастан қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.