+113 бонус

РИЗОНЕЛЬ 50 мкг/доза 0,05% 9 гр спрей наз. Мометазон

2265 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Иляч Санайи ве Тиджарет
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 құтының ішінде белсенді зат - мометазон фуроат моногидраты (микрондалған) 0.518 мг қосымша заттар: глицерин, микрокристалды целлюлоза – натрий карбоксиметилцеллюлоза (Avicel RC – 591), натрий цитратының дигидраты, лимон қышқылының моногидраты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі (50 %), полисорбат 80, фенилэтил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектер мен 3 жастан асқан балалардағы маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық риниттің симптомдарын емдеу үшін - 18 жастан асқан ересек пациенттерде мұрын полиптерін емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - мұрынның шырышты қабығының зақымдануымен, толық емделмеген, орныққан инфекцияның болуы - жуырда бастан өткерген, мұрын қуысына жасалған хирургиялық операциялар немесе жарақаттары (кортикостероидтар жаралардың жазылуын баяулатады, сондықтан, жергілікті интраназальді қолдануға арналған кортикостероидтарды жаралар толық жазылғанша тағайындамау керек)
Дозасы
Дозалану режимі Спрейді әр басып шығарудан құрамында мометазон фуроаты моногидратының 50 мкг мометазон фуроатына баламалы мөлшері бар 100 мг суспензия босап шығады. Маусымдық және жыл бойғы аллергиялық ринит 12 жастан асқан жасөспірімдер мен егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерде препараттың ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әр мұрын жолына 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік дозасы 200 мкг препаратты құрайды). Клиникалық тұрғыдан оң әсеріне қол жеткізгеннен кейін демеуші ем ретінде дозасын әр танауға 1 бүркуге дейін азайту ұсынылады (жалпы тәуліктік дозасы - 100 мкг). Егер ауру симптомдарының әлсіреуіне қол жеткізу мүмкін болмаса, дозасын ең жоғарғы тәуліктік дозасына дейін арттыруға және әр танауға тәулігіне 1 рет 4 бүркуден жүргізуге болады (жалпы тәуліктік дозасы - 400 мкг). Ауру симптомдары әлсірегеннен кейін дозасын төмендету ұсынылады. 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 1 бүркуді (әр мұрын жолына 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік дозасы - 100 мкг). Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық әсерінің басталуы емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы 12 сағат ішінде-ақ байқалуы мүмкін, әйтсе де толық әсеріне тек 48 сағаттан соң ғана жете алады. Сондықтан, толық клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін, дәрілік затты жүйелі түрде пайдаланудың маңызы зор. Анамнезінде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге мұрынға арналған Ризонель спрейімен емдеуді гүлдеу маусымының күткендегі басталуына бірнеше күн қалғанда бастау қажет. Мұрын полипозы Полипозды емдеу үшін ұсынылатын бастапқы дозасы әр мұрын жолына тәулігіне бір рет 2 бүрку (әрқайсысы 50 мкг-ден) құрайды (жалпы дозасы 200 мкг). Егер 5-6 апта емдеуден кейін симптомдары сақталып қалса, тәуліктік дозасын әр мұрын жолына 2 бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік дозасы 400 мкг). Дозасын ең төменгі тиімдісіне дейін таңдау керек. Егер 5-6 апта бойы тәулігіне екі рет қабылдағанда, симптомдарының жақсарулары байқалмаса, пациенттің жағдайын бағалау және емдеу әдісін қайта қарастыру қажет. Енгізу әдісі және жолы Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку және 10 рет бос басу (біртекті ағып шыққанша) қажет. Егер құты 14 күн немесе одан да көп уақыт бойы пайдаланылмаса, қолданар алдында біртекті ағын шыққанша 2 рет бос басу қажет. Сонымен қатар, әрбір қолданар алдында құтыны мықтап сілку қажет. Белгіленген бүркулер саны аяқталғаннан кейін немесе алғаш қолданылуынан кейін 2 ай өткен соң, құтыны пайдаланбау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.