РИВОКСАР 2,5 мг №28 таблетки

6770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ривароксабан (микрондалған) 2.5 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102), Лактоза моногидраты (SD), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза Е5), полоксамер 188, магний стеараты, Қабығының құрамы: дайын үлбірлі қабығы Опадрай® 04F220012 сары (Opadry® 04F220012 Yellow) (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ 4000), темірдің сары тотығы (Е172))
Қолданылуы
- ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылы және клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктірілген емде кардиоспецификалық биомаркерлердің жоғарылауымен өтетін жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейінгі пациенттердегі атеротромбтық оқиғалардың профилактикасы. - ацетилсалицил қышқылымен біріктірілген емде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе шеткері артериялар ауруы (ШАА) бар пациенттердегі атеротромбтық оқиғалардың профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету асқазан-ішек жолының бұрыннан бар немесе жуырда пайда болған ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы сияқты ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай. фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.с.с.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФБГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылды өткерген пациенттерде ЖКС қатарлас антитромбоцитарлық емдеу геморрагиялық немесе лакунарлық инсульт, сондай-ақ бір ай ішінде кез келген инсульт алған пациенттерде ЖИА/ШАА ацетилсалицил қышқылымен қатарлас емдеу Чайлд-Пью бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы
Дозасы
Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 2 рет 2.5 мг құрайды. Ересек пациенттердегі жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейінгі атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы Тәулігіне 2 рет 2.5 мг Ривоксар препаратын қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ 75-100 мг тәуліктік дозада ацетилсалицил қышқылын немесе ацетилсалицил қышқылын тәуліктік дозада 75-100 мг клопидогрелмен 75 мг тәуліктік дозада немесе стандартты тәуліктік дозада тиклопидинмен біріктіріп қабылдау керек. Жүргізілетін емді ишемиялық оқиғалар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан әрбір пациентте жеке тәртіппен ұдайы бағалау керек. Емдеу жеке тәртіппен 12 айдан астам кезеңге ұзартылуы тиіс, өйткені қолдану тәжірибесі 24 айға дейін шектелген. Ривоксар препаратымен 2.5 мг емдеу реваскуляризация жөніндегі емшараларды қоса, ЖКС-мен байланысты жай-күй тұрақтанғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс. Ривоксар қабылдауды пациент стационарға келіп түскеннен кейін 24 сағаттан ерте емес және парентеральді антикоагулянттармен емдеу әдетте тоқтатылғанда бастау керек. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе шеткері артериялардың симптомдық ауруы (ШАА) бар ересек пациенттердегі атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы Ривоксар препаратын 2.5 мг тәулігіне 2 рет қабылдайтын пациенттерге сондай-ақ ацетилсалицил қышқылын 75-100 мг тәуліктік дозада қабылдау керек. Жүргізілетін емді ишемиялық оқиғалар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан әрбір пациентте жеке тәртіппен ұдайы бағалау керек. Жедел тромбоздық құбылысы бар немесе қосарлы тромбоцитке қарсы емді қажет ететін тамырлық араласым қажеттілігі бар пациенттерде тромбоздық құбылыстың немесе емнің түріне, сондай-ақ антитромбоцитарлық ем түріне байланысты күніне екі рет Ривоксар 2.5 мг препаратын қабылдауды жалғастыру қажеттілігін бағалау керек. Ривароксабан 2.5 мг қауіпсіздігі мен тиімділігі күніне екі рет ацетилсалицил қышқылымен және клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктіріп қабылдағанда жақында ЖКС-мен ауырған пациенттерде ғана зерттелген. ЖИА немесе ШАА бар пациенттерде күніне екі рет ривароксабан 2.5 мг препаратын қабылдаумен біріктірілімде қосарлы антитромбоцитарлық ем қолдану зерттелмеген. Таблетканы қабылдауды өткізіп алған жағдайда Ривоксар 2.5 мг препаратының ұсынылған дозасын келесі жоспарланған қабылдау уақытында тұрақты қабылдауды жалғастыру қажет. Өткізіп алған доза жағдайында қосарлы дозаны қабылдауға болмайды. К дәруменінің антагонистерінен (КДА) Ривоксар препаратына ауысу Пациенттер КДА-дан Ривоксарға ауысқан кезде, Ривоксар препаратын қабылдағаннан кейін халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) мәндері жалған жоғарылауы мүмкін. ХҚҚ Ривоксар препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамсыз және сондықтан да, аталған мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Ривоксардан К дәруменінің антагонистеріне (КДА) ауысу Ривоксар препаратынан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсері жеткіліксіз болуы мүмкін. Соған байланысты, мұндай басқа антикоагулянтқа ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсерменқамтамасыз ету қажет. Ривоксар препараты ХҚҚ жоғарылауына ықпал етуі мүмкіндігін айта кету керек. Ривоксар препаратынан КДА-ға ауысқан кезде, Ривоксар препаратын ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішіне жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Ауысу кезеңінің алғашқы екі күні ішінде КДА стандартты бастапқы дозасын қолданып, артынан ХҚҚ анықтаудың негізіндегі КДА дозасынтағайындау керек. Ривоксар мен КДА бір мезгілде қабылдаған кезде, ХҚҚ Ривоксар препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін және келесі дозасын қабылдаудың алдында 24 сағаттан ерте анықтамау керек. Ривоксар препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ нақты анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады. Парентеральді антикоагулянттардан Ривоксар препаратына ауысу Парентеральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін, парентеральді антикоагулянтты тоқтату және Ривоксар препаратын қабылдауды парентеральді препараттың (мысалы, төмен молекулалы гепариннің) келесі жоспарлы енгізілу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) бастау керек. Ривоксар препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу Ривоксар препаратын тоқтату және Ривоксар препаратының келесі дозасы қабылдануы тиіс сәтте парентеральді антикоагулянттың алғашқы дозасын енгізу керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Ривоксар препаратын тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Таблеткаларды бүтіндей жұта алмайтын пациенттер үшін, Ривоксар таблеткасын ұнтақтауға және тура қабылдар алдында сумен немесе алма езбесі сияқты жеңіл тағаммен араластыруға және ішу арқылы қабылдауға болады. Ұсақталған Ривоксар препаратының таблеткасын асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Ривоксар препаратын қолданар алдында асқазанда зондтың бар екендігіне көз жеткізу керек. Ұсақталған таблетканы судың аздаған мөлшерімен бірге асқазан зонды арқылы енгізу керек, содан кейін оны сумен жуып-шаю қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.