+675 бонус

РИВОКСАР 10 мг №30 таб

13500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ривароксабан (микрондалған)10 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102), лактоза моногидраты (SD), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза Е5), полоксамер 188, магний стеараты, Қабығының құрамы: Дайын үлбірлі қабығы Опадрай® 04F240011 қызғылт (Opadry® 04F240011 Pink) (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ 4000), темірдің қызыл тотығы (Е172)).
Қолданылуы
- ұршық немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейінгі ересек пациенттерде вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) профилактикасы үшін - ересектерде терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ, ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету асқазан-ішек жолының бұрыннан бар немесе жуырда пайда болған ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы сияқты ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай. фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.с.с.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФБГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында Чайлд-Пью бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы
Дозасы
Ұршық немесе тізе буынын жоспарлы түрде протездеуден кейінгі ересек пациенттердегі вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) профилактикасы Препараттың ұсынылатын дозасы 10 мг тәулігіне 1 рет құрайды. Алғашқы дозаны операциядан кейін 6-10 сағаттан соң, қол жеткізілген гемостаз жағдайында қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы үлкен ортопедиялық операция түрімен анықталады және пациентте ВТЭ дамуының жеке қаупіне тәуелді. - Ұршық буынына үлкен операциядан кейін ұсынылған емдеу ұзақтығы 5 аптаны құрайды. - Тізе буынына үлкен операциядан кейін ұсынылған емдеу ұзақтығы 2 аптаны құрайды. Дозаны өткізіп алған жағдайда пациент дереу Ривоксар препаратының таблеткасын қабылдауы және келесі күні дозаны өткізіп алғанға дейін сияқты тәулігіне 1 рет қабылдауды жалғастыруы керек. Терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектердегі ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы Ривоксар препаратының жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емі үшін ұсынылатын дозасы алғашқы 3 аптасы бойына тәулігіне екі рет 15 мг құрайды, содан кейін ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының емі мен профилактикасын жалғастыру үшін тәулігіне бір рет 20 мг Ривоксар препараты қабылданады. Қысқамерзімді (кемінде 3 айлық) емді елеулі транзиторлық қауіп факторлары (мысалы, жуырда бастан өткерген ауқымды операциялық араласымдар немесе жарақат) түрткі болған ТВТ мен ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Ұзағырақ емдеуді елеулі транзиторлық қауіп факторларымен байланыссыз туындаған ТВТ немесе ӨАТЭ, анамнезінде елеулі транзиторлық қауіп факторлары түрткі болмаған ТВТ немесе ӨАТЭ немесе ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы бар пациенттерде қарастыру керек. ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының ұзаққа созылатын профилактикасына (ТВТ немесе ӨАТЭ кемінде 6 ай бойы емдеуден кейін) көрсетілім болған жағдайда, ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Асқынған қатарлас аурулардың немесе Ривоксар препаратымен тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозасында ұзақ емдеу аясында ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының болуы сияқты ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының қаупі жоғары пациенттер Ривоксар препаратының 20 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдауды қарастыруы керек. К дәруменінің антагонистерінен (КДА) Ривоксар препаратына ауысу ТВТ мен ӨАТЭ-ден емделіп жүрген және ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы жүргізіліп жатқан пациенттерде КДА қабылдауды тоқтату керек, және халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) ≤2.5 дейін төмендеген кезде Ривоксар препаратымен емді бастау керек. Пациенттер КДА-дан ауысқан кезде, Ривоксар препаратын қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылайды. ХҚҚ Ривоксар препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамсыз және сондықтан да, аталған мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Ривоксар препаратынан К дәруменінің антагонистеріне (КДА) ауысу Ривоксар препаратынан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсері жеткіліксіз болуы мүмкін. Соған байланысты, мұндай басқа антикоагулянтқа ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсермен қамтамасыз ету қажет. Ривоксар препараты ХҚҚ жоғарылауына ықпал етуі мүмкіндігін айта кету керек. Ривоксар препаратынан КДА-ға ауысқан кезде, Ривоксар препаратын ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішіне жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Ауысу кезеңінің алғашқы екі күні ішінде КДА стандартты бастапқы дозасын қолданып, артынан ХҚҚ анықтаудың негізіндегі КДА дозасын тағайындау керек. Ривоксар препараты мен КДА бір мезгілде қабылдаған кезде, ХҚҚ Ривоксар препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін және келесі дозасын қабылдаудың алдында 24 сағаттан ерте анықтамау керек. Ривоксар препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ нақты анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады. Парентеральді антикоагулянттардан Ривоксар препаратына ауысу Парентеральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін, парентеральді антикоагулянтты тоқтату және Ривоксар препаратын қабылдауды парентеральді препараттың (мысалы, төмен молекулалы гепариннің) келесі жоспарлы енгізілу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) бастау керек. Ривоксар препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу Ривоксар препаратын тоқтату және Ривоксар препаратының келесі дозасы қабылдануы тиіс сәтте парентеральді антикоагулянттың алғашқы дозасын енгізу керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Ривоксар препаратын тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Таблеткаларды бүтіндей жұта алмайтын пациенттер үшін, Ривоксар препаратының таблеткасын ұнтақтауға және тура қабылдар алдында сумен немесе алма езбесі сияқты жеңіл тағаммен араластыруға және ішу арқылы қабылдауға болады. Ұсақталған Ривоксар препаратының таблеткасын асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Ривоксар препаратын қолданар алдында асқазанда зондтың бар екендігіне көз жеткізу керек. Ұсақталған таблетканы судың аздаған мөлшерімен бірге асқазан зонды арқылы енгізу керек, содан кейін оны сумен жуып-шаю қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.