РИВАРОКС 20 мг №30 табл

8605 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
15 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 15 мг ривароксабан, қосымша заттар: маннитол (Parteck Delta М), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (E5 LV Prem.), натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, гипромеллоза / HPMC 2910 (E464), макрогол/ПЭГ (E1521), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171). 20 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 мг ривароксабан, қосымша заттар: маннитол (Parteck Delta М), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (E5 LV Prem.), натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, гипромеллоза / HPMC 2910 (E464), макрогол/ПЭГ (E1521), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гипертензия, ≥75 жас, қант диабеті, бұрын бастан өткерген инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл сияқты бір немесе одан да көп қауіп факторлары бар, клапанды емес жүрекшелер фибрилляциясы және ересек пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасында. Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеуде, сондай-ақ ересектердегі қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасында.
Қарсы көрсетілімдер
ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық белсенді клиникалық маңызды қан кету бұрыннан бар немесе жақында орын алған асқазан-ішек жолының ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жақында болған мидың немесе жұлынның жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге жасалған хирургиялық араласу, жақында болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш венасының варикоздық кеңеюіне күдік немесе диагноз қойылуы, артериовенозды даму аномалиялары, тамыр аневризмалары немесе жұлын немесе мидың ірі тамырларының патологиясы сияқты лақылдап қан кетудің маңызды факторы болып саналатын бұзылу немесе жағдай басқа антикоагулянтты емге ауысудың ерекше жағдайларын қоспағанда, фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас ем немесе НФГ орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозада енгізілгенде В және С класындағы Чайлд-Пью бойынша бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы жүктілік және бала емізу кезеңі тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Дозалар Инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы: Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет, күн сайын 20 мг (1 таблетка) құрайды, ол да ең жоғары ұсынылатын доза болып табылады. Ривароксабан NOBEL® препаратымен емдеуді инсульт пен жүйелі эмболия профилактикасының артықшылығы қан кету қаупінен басым болған жағдайда ұзақ уақыт жалғастырған жөн. Егер кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алса, пациент Ривароксабан NOBEL® препаратын дереу қабылдауға және келесі күні ұсынылған режимге сәйкес Ривароксабан NOBEL® препаратын тұрақты қабылдауды жалғастыруға тиіс. Бұрын өткізіп алған дозаны өтеу үшін қабылданатын дозаны қосарламау керек. Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеуде, қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасында. Жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емдеуге арналған Ривароксабан NOBEL® препаратының ұсынылған дозасы алғашқы 3 апта ішінде тәулігіне екі рет 15 мг құрайды, кейіннен қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасы мен емдеуді жалғастыру үшін 20 мг Ривароксабан NOBEL® препаратын тәулігіне бір рет қабылдайды. Қысқа мерзімді емді (кем дегенде 3 ай) үлкен транзиторлық қауіп факторлары (мысалы, жақында болған ауқымды операциялық араласымдар немесе жарақаттар) туындатқан ТВТ және ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Анағұрлым ұзақ емді үлкен транзиторлы қауіп факторларымен байланысты емес, туындаған ТВТ немесе ӨАТЭ немесе туындамаған ТВТ немесе ӨАТЭ бар немесе анамнезінде ТВТ немесе ӨАТЭ қайталанатын пациенттерде қарастыру керек. ТВТ және ӨАТЭ қайталануының ұзартылған профилактикасына көрсетілімдер болған кезде (ТВТ немесе ӨАТЭ емдеуден кейін кем дегенде 6 ай) ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозада Ривароксабан NOBEL® препаратының ұзартылған ем аясында асқынған қатарлас аурулардың болуы немесе ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы сияқты ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының жоғары қаупі бар пациенттер Ривароксабан NOBEL® препаратының тәулігіне бір рет 20 мг дозасын қабылдауды қарастыру керек. Емдеу ұзақтығы мен дозасы қан кету қаупіне қатысты емдеу пайдасын мұқият бағалағаннан кейін жеке таңдалуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.