+354 бонус

РИВАКСА 10мг №30 таб

7090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында Белсенді зат - ривароксабан 10 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 2910 5сП, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты. үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай қызғылт сары 04F530020, гипромеллоза 2910 5 сП, макрогол, титанның қостотығы (Е171), темір тотығы сары (Е172), темір тотығы қызыл (Е172)
Қолданылуы
- ересек пациенттерде ұршықбуынды немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін вена тромбоэмболиясын (ВТЭ) алдын алу - терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанған ТВТ және ӨАТЭ алдын алу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық белсенді клиникалық маңызды қан кету бар немесе жақында орын алған асқазан-ішек жолының ойықжарасы, қан кетудің жоғары қаупімен қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жақында болған ми немесе жұлын жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге жасалған хирургиялық араласу, жақында болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюін диагностикалау немесе оған күдік, артериовеналық даму ауытқулары, тамырлы аневризмалар немесе жұлын немесе мидың үлкен тамырларының патологиясы секілді жаппай қан кетудің маңызды қауіп факторы болып саналатын бұзылу немесе жағдай басқа антикоагулянттық емге ауысудың немесе орталық веналық немесе артериялық катетердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда ФБГ енгізілудің ерекше жағдайларын қоспағанда, фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т. б.) секілді кез келген басқа антикоагулянттармен қатар жүретін ем; Чайлд-Пью бойынша В және С класындағы бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы жүктілік және бала емізу кезеңі тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар. балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересек пациенттерде ұршықбуынды немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін вена тромбоэмболиясын (ВТЭ) алдын алу РИВАКСА препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг 1 таблетканы құрайды. Бірінші дозаны қол жеткізілген гемостаз жағдайында операциядан кейін 6-10 сағаттан соң қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы үлкен ортопедиялық операцияның типіне қарай анықталады және пациентте ВТЭ дамуының жеке қаупіне байланысты болады. - Ұршықбуынына жасалған үлкен операциядан кейін емдеудің ұсынылған ұзақтығы 5 аптаны құрайды. - Тізе буынына жасалған үлкен операциядан кейін емдеудің ұсынылған ұзақтығы 2 аптаны құрайды. Дозаны өткізіп алған жағдайда пациент дереу РИВАКСА таблеткасын қабылдап, келесі күні дозаны өткізіп алғанға дейіндегідей тәулігіне 1 рет қабылдауды жалғастыру керек. Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанған ТВТ және ӨАТЭ алдын-алу Жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емдеу үшін ривароксабанның ұсынылған дозасы алғашқы 3 апта ішінде тәулігіне екі рет 15 мг құраса, кейіннен қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ терапиясын жалғастыру және алдын алу үшін тәулігіне бір рет ривароксабан қабылдау дозасы 20 мг құрайды. Қысқа мерзімді емді (кем дегенде 3 ай) үлкен транзиторлық қауіп факторларымен (мысалы, жақында болған ауқымды операциялық араласулар немесе жарақат) туындаған ТВТ және ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Ұзақ мерзімді емді үлкен транзиторлық қауіп факторларымен байланысы жоқ, ТВТ немесе ӨАТЭ туындамаған немесе анамнезінде ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы бар пациенттерде қарастыру керек. ТВТ және ӨАТЭ рецидивінің ұзартылған профилактикасына көрсетімдер болған кезде (ТВТ немесе ӨАТЭ кем дегенде 6 ай бойы емдеуден кейін) ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозада ривароксабан препаратымен ұзартылған ем аясында асқынған қатар жүретін аурулардың болуы немесе ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы секілді ТВТ немесе ӨАТЭ рецидивінің жоғары қаупі бар пациенттер ривароксабан препаратының тәулігіне бір рет 20 мг дозасын қабылдауды қарастыру керек. Емдеу ұзақтығы мен дозасы қан кету қаупіне қатысты ем пайдасы мұқият бағаланғаннан кейін жеке таңдалуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.