+98 бонус

РИНТ 0,5 мг/мл 10 мл спрей наз. с ментолом

1960 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат: 100 % құрғақ затқа шаққанда оксиметазолин гидрохлориді - 0,5 мг; қосымша заттар: рацемиялық камфора; ментол (левоментол); бензалконий хлориді; динатрий эдетаты (Трилон Б); бензил спирті; полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400); повидон; натрий карбоксиметилцеллюлозасы – микрокристалды целлюлоза; натрий дигидрофосфаты, дигидрат; натрий гидрофосфаты, додекагидрат; инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған: ринит көріністелуімен (тұмауратумен) қатар жүретін жедел респираторлық ауруларда (ЖРА) аллергиялық ринитте, поллинозда вазомоторлы ринитте жедел және созылмалы синуситте (мұрынның қосалқы қойнаулары қабынған кезде секрецияның дренажын жақсарту үшін) ринитпен астасқан евстахиитте (ортаңғы отит) диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін жоюда Ринт ментолмен препаратының емдік әсері 25 секундтан басталады, әсер ету ұзақтығы 12 сағат бойы.
Қарсы көрсетілімдер
оксиметазолинге немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық атрофиялық ринит трансфеноидальді гипофизэктомиядан немесе мидың қатты қабығын ашатын басқа хирургиялық араласымдардан  кейін 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 6 жастан асқан балалар Әр мұрын жолына 0,05% ерітіндінің 1 дозасын бүрке енгізе отырып, күніне 2-3 рет қолдану керек. Ринт ментолмен препаратының бір реттік дозасы күніне 3 реттен артық қабылданбауы тиіс. Ринт ментолмен 5-7 күннен артық қолдануға болмайды. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ринт ментолмен мұрынға қолдануға арналған. Әр қолданар алдында құтыны қатты сілку керек. Сақтандырғыш қалпақшасын шешіп алу керек. Дозалайтын құрылғыны алғашқы пайдаланар алдында аэрозоль ағыны пайда болғанша, оны бірнеше рет басу керек. Ұштықты танауға салып, дозалайтын құрылғыны басу керек, мұрынмен  терең тыныс алу қажет, ол кезде басты артқа шалқайтудың қажеті жоқ. Содан соң ұштықты келесі танауға салып, емшараны қайталау қажет. Пайдаланғаннан кейін ұштықты тазалап сүртіп, құтыны сақтандырғыш қалпақшамен жабу керек. Сақтаған кезде дәрінің қоюланатынын және шайқаған кезде сұйылатынын ескере отырып, әрбір қолданар алдында құтыны қатты сілку керек Дозалайтын құрылғыны алғашқы қолданар алдында аэрозоль ағыны пайда болғанша, оны  бірнеше рет  басу керек Ұштықты танауға салып, дозалайтын құрылғыны басу керек, бұл ретте мұрынмен терең тыныс алу қажет Басты артқа шалқайтудың қажеті жоқ Ұштықты келесі танауға салып, емшараны қайталау қажет Пайдаланғаннан кейін ұштықты тазалап сүртіп, құтыны қорғағыш қалпақшамен жабу керек Емдеу ұзақтығы Препаратты 5-7 күннен асырмай қолдану керек. Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар Артық дозалану мұрынға немесе кездейсоқ пероральді қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Имидазол туындыларымен уыттанудан кейінгі клиникалық көріністелу диффузды болуы мүмкін, өйткені гиперреактивті фазалар орталық жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр және өкпе жүйесі функцияларының тежелу фазаларымен ауысуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесін стимуляциялау мазасыздық, қозу, елестеулер, құрысу түрінде көріністеледі. Орталық жүйке жүйесінің тежелуі дене температурасының төмендеуі, сылбырлық, ұйқышылдық және кома түрінде көріністеледі. Келесі симптомдарға миоз, мидриаз, қызба, терлеу, бозару, цианоз, жүректің қағуы, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы, гипертония, шокты гипотензия, жүрек айнуы және құсу, тыныстың тарылуы және апноэ, психогендік бұзылыстар кіруі мүмкін. Әсіресе балаларда артық дозалану көбінесе құрысулар мен кома, брадикардия, апноэ және гипертония немесе гипотония сияқты орталық жүйке жүйесінің басым әсерлеріне әкеледі. Күшті артық дозаланғанда стационарлық қарқынды ем көрсетіледі. Белсендірілген көмірді, натрий сульфатын немесе асқазанды шаюды (көп мөлшерде) дереу қолдану қажет, өйткені оксиметазолиннің сіңуі тез орын алуы мүмкін. Вазопрессорлар қарсы көрсетілімді. Антидот ретінде селективті емес (-блокаторды қолдануға болады. Қажет болса - температураның төмендеуі, құрысуға қарсы ем және оттегімен желдету. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі мұрын шырышты қабығының ашып күйдіруі және құрғауы, түшкіру Сирек жүректің қағуы, тахикардия, гипертония Өте сирек үрейлену, ұйқысыздық, шаршау (ұйқышылдық, седация), бас ауыруы, елестеулер (негізінен балаларда) аритмия сәбилер мен жаңа туған нәрестелердегі апноэ құрысулар (әсіресе балаларда) Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) әсер ету аяқталғаннан кейін шырышты қабық ісінуінің ұлғаюы, мұрыннан қан кету аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну) тахифилаксия (ұзақ қолданғанда немесе артық дозаланғанда) Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.