РИНОМАРИС АДВАНС 0,1% 10 мл спрей наз

2750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ксилометазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Ядран Галенский Лабораторий АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – ксилометазолин гидрохлориді, 0.5 мг немесе 1.0 мг, қосымша заттар: тазартылған теңіз суы, натрий гиалуронаты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.
Қолданылуы
- ринит немесе синуситтен туындаған мұрынның бітелуін симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- ксилометазолин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе мидың қатты қабығына әсер ететін басқа трансназальді немесе трансоральді хирургиялық араласулардан кейінгі жай-күйлер - жабық бұрышты глаукома - құрғақ ринит (rhinitis sicca) - атрофиялық ринит - 2 жасқа дейінгі балалық жас (0.05 % ерітінді үшін) -12 жасқа дейінгі балалық жас (0.1 % ерітінді үшін)
Дозасы
Дозалау пациенттің жеке сезімталдығына және клиникалық әсеріне байланысты. Препаратты ұсынылғаннан асатын дозаларда қолдануға болмайды. Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.05 % 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған доза препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 ретке дейін 1 бүркуді құрайды. Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.05 %, нәрестелерде және 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі 2 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.1 % Ересектер және 12 жастан асқан балалар Ересектер мен 12 жастан асқан балалардың дозасы препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 ретке дейін 1 бүркуді құрайды. Балалар Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.1%, 12 және одан үлкен жастағы балаларда қолдану үшін көрсетілген. Бұл препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобы үшін басқа дозаны қолдану ұсынылады. Емнің ұзақтығы Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 5 күннен артық қолдануға болмайды. Ұзақ уақыт қолдану шырышты қабықтың айқын ісінуіне (дәрі-дәрмектік ринит) және мұрын қуысының шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін. Препаратты балаларда қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Терапия аяқталғаннан кейін препаратты бірнеше күннен кейін ғана қайта қолдануға болады. Ұзақ қолдану мұрынның шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін, сондықтан созылмалы ринит жағдайында препаратты тек дәрігердің бақылауымен қолдануға болады. Енгізу әдісі және жолы Препарат мұрын ішіне қолдануға арналған. Спрейді алғаш қолданар алдында біркелкі дозаға қол жеткізу үшін бүріккіш құрылғыны ауаға қарай бірнеше рет басып алу (5 рет) қажет. Егер препарат бірнеше күн пайдаланылмаса препараттың біркелкі түсуін қамтамасыз ету үшін бүріккішті бір рет басу қажет. Препаратты қолданар алдында мұрын жолдарын тазарту керек (сіңбіріп тазалау). Қолданғаннан кейін бүріккіш құрылғыны таза құрғақ қағаз сүрткімен мұқият сүртіп және қорғағыш қалпақшамен жабу қажет. Гигиеналық себептерден және инфекцияның таралуына жол бермеу үшін әрбір адам жеке-жеке құты пайдалануы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.