+219 бонус

РИМОСОПТ 5мл глазные кап

4380 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 2.00 мг бримонидин тартраты, 6.80 мг тимолол малеаты. Қосымша заттар: натрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфат моногидраты, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- созылмалы ашық бұрышты глаукомасы немесе көз гипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысымның (КІҚ) төмендеуі (β-адреноблокаторлармен жергілікті емдеу тиімділігінің жеткіліксіздігі кезінде).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесін қоса, оның ішінде анамнездегі тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, өкпенің ауыр дәрежелі созылмалы обструктивті ауруы - синустық брадикардия, синустық  түйіннің дисфункция синдромы, жүрек соғуын имплантталған жасанды жүргізушісіз II–III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок - моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен, норадренергиялық берілуге әсер ететін антидепрессанттармен (мысалы, трициклді антидепрессанттар мен миансерин) қатар жүретін ем - лактация кезеңі - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерде қолдану Зақымданған көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 2 рет 12 сағат аралықпен 1 тамшыдан тамызады. Көзішілік қысымды төмендету мақсатында Римосоптты басқа офтальмологиялық препараттармен бірге қолдануға болады, бұл жағдайда инстилляциялар арасында бес минуттық үзіліс жасау керек. Көзге арналған жақпамайларды соңғы кезекте пайдалану керек. Көзге тамызатын басқа дәріні пайдаланғандағыдай, ықтимал жүйелі сіңірілуін төмендету үшін көздің ішкі бұрышындағы жас қалтасына басу немесе көзді 2 минут бойы жабық күйде ұстау ұсынылады. Жүйелі жағымсыз әсерлер айқындылығын азайту және жергілікті әсерін күшейту мақсатында бұл әрекетті әр тамшыны тамызғаннан кейін бірден жасап отыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.