+52 бонус

РИКОФЕН для детей 100 мг/5 мл 100 мл сусп

9:00-ден кейін қолжетімді
1055 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Браун Лабораториес Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді зат – 100 мг ибупрофен, қосымша заттар: сукроза, натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты, полисорбат-80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, сұйық сорбитол (70% кристалданбайтын), натрий бензоаты, ксантанды шайыр, глицерин, қара жүзімнің сұйық эссенциясы, натрий цитраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Келесі жағдайларда 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға ыстықты түсіретін және ауырсынуды басатын (ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі ауыру синдромында) симптоматикалық дәрі ретінде: - жедел респираторлық аурулар (суық тию, тұмау) - егуден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының жоғарылауымен жүретін инфекциялық-қабыну аурулары - бастың және тістің ауыруы - тамақтың ауыруы және тістің жарып шығуы кезіндегі ауыру - созылу және ауырсынудың басқа түрлері кезіндегі ауыру
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға жауап ретінде бұрын аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) болған пациенттерге - анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетуі немесе тесілуі бар пациенттерге - белсенді фазада немесе анамнезде қайталанатын пептикалық ойық жарасы/қан кетуі бар пациенттерге (анамнезде расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан да көп айқын көріністері) - жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (NYHA жіктемесі бойынша IV функционалдық класы) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге - жүктіліктің соңғы триместрі -тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға
Дозасы
РИКОФЕН балаларға арналған препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын (қабылдау арасындағы ең аз аралық 4 сағатты құрайды) бөлшектенген дозалармен дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды. Дозалау үшін өлшеуіш қалпақшаны пайдаланыңыз. Баланың жасы (Дене салмағы) Мөлшері және қолдану тәсілі 3-6 ай (5-7,6 кг) 2,5 мл-ден тәулігіне 3 рет 6-12 ай (7,7 – 9 кг) 2,5 мл-ден тәулігіне 3-4 рет 1-3 жас (10-16 кг) 5,0 мл-ден тәулігіне 3 рет 4-6 жас (17 – 20 кг) 7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет 7-9 жас (21 – 30 кг) 10 мл-ден тәулігіне 3 рет 10 - 12 жас (31 - 40 кг) 15 мл-ден тәулігіне 3 рет Егуден кейінгі реакциялар (постиммунизациялық қызба) 2,5 мл (бір доза) 1 жасқа дейінгі балаларға. 1 жастан асқан балаларға, қажет болған жағдайда, 6 сағаттан кейін тағы 2,5 мл (бір доза). 24 сағат ішінде 5 мл-ден артық қолданбаңыз! Егер температура төмендемесе, дәрігерге қаралыңыз. 3 айдан кіші балаларға және дене салмағы 5 кг кем балаларға қабылдау ұсынылмайды. Емдеу ұзақтығы Ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмау керек. Мынадай жастағы балалар үшін медициналық көмекке жүгіну керек: 3-6 ай - баланың жағдайы нашарлаған жағдайда (және 24 сағаттан кешіктірмей), егер симптомдар жалғаса берсе; 6 айдан асқан - егер симптомдар жалғаса берсе, баланың жағдайы нашарлаған жағдайда (және 3 тәуліктен кешіктірмей). Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Асқазанның сезімталдығы жоғары пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.