+36 бонус

РИКОФЕН 400 мг №10 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
735 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Браун Лабораториес Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 400 мг ибупрофен, қосымша заттар: жүгері крахмалы (паста үшін), жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон (К-30), тазартылған су, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы (Примеллоза), стеарин қышқылы, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), тазартылған тальк Үлбірлі жабын: шеффкоат L Ақ 5Y00056*, тазартылған су. * гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль / макроголь, тальк, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауырсынуды жеңілдету: - бас және тіс ауыруы - бас сақинасы - ауыртпалы етеккір - невралгия - арқа аурулары - бұлшықет және ревматизмдік ауыру - тұмау және суық тию кезіндегі қызба жай-күйі
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы - анамнезінде белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі бар пациенттерге (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жекелеген эпизодтары) - анамнезінде ҚҚСП қолданудан туындаған АІЖ ойық жарасынан қан кету немесе тесілуі - ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс), ауыр бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге - гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер - жүктілік (III триместр) - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Бастапқы доза қажет болғанда 4 немесе 6 сағат сайын 400 мг немесе бір рет 400 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг (3 таблетка).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.