+32 бонус

РИБОКСИН 20 мг/мл 5 мл №10 ампул

640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кардиологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Дальхимфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат: инозин ( рибоксин) - 20 мг, қосымша заттар - метенамин (гексаметилентетрамин) – 2 мг, натрий гидроксиді ерітіндісі (күйдіргіш натр) 1 М – рН 7.8 – ден 8.6-ға дейін, инъекцияға арналған су - 1.0 мл-ге дейін.
Қолданылуы
Жүректің ишемиялық ауруын, басынан өткерген миокард инфарктісінен кейін, өткерген инфекциялық аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясында жүрек гликозидтерін қолданумен байланысты жүрек ырғағының бұзылуын кешенді емдеуде. Бауыр ауруларында (гепатит, цирроз, майлы дистрофия).
Қарсы көрсетілімдер
- препаратқа жоғары сезімталдық - подагра - гиперурикемия
Дозасы
Ересектерге Емдеуді күніне 1 рет 200 мг (10 мл 2 % ерітінді) енгізуден бастайды, содан соң жағымдылығы жақсы болғанда дозаны күніне 1-2 рет 400 мг (20 мл 2 % ерітінді) дейін арттырады. Емдеу ұзақтығы 10-15 күн. Жүрек ырғағының жедел бұзылуларында препарат бір реттік 200-400 мг дозада (10-20 мл 2 % ерітінді) сорғалатып енгізілуі мүмкін. Ишемияланған бүйрекке  фармакологиялық қорғанысты қамтамасыз ету үшін бүйрек артерияларын қысқанға дейін 5-15 минут бұрын рибоксинді бір реттік 1,2 г (60 мл 2 % ерітінді) дозада, одан әрі қан айналымы қалпына келгеннен кейін іле-шала тағы 0,8 г (40 мл 2 % ерітінді) вена ішіне сорғалатып енгізеді. 2 % ерітіндіні вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препаратты 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады. Енгізу әдісі мен жолы Рибоксин вена ішіне сорғалатып (баяу) немесе тамшылатып (минутына 40-60 тамшы) тағайындалады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.