+21 бонус

РИБОКСИН 20 мг/мл 5 мл №10 амп

425 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кардиологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір (5 мл) ампуланың ішінде белсенді зат – 100 мг инозин (100% затқа шаққанда); қосымша заттар: гексаметилентетрамин, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
– өткерілген миокард инфарктісін, ишемиялық жүрек ауруын, өткерген инфекциялық аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясында жүрек гликозидтерін қолдану себебінен болатын жүрек ырғағының бұзылуларын кешенді емдеу; – бауыр ауруларының (гепатит, цирроз, бауырдың майлы дистрофиясы) және урокопропорфирияның кешенді емінде; – оқшауланған бүйрекке жасалатын операциялар (қан айналымы тоқтап қалғанда фармакологиялық қорғаныс дәрісі ретінде).
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; – подагра; – гиперурикемия; – бүйрек жеткіліксіздігі; – жүктілік, лактация кезеңі; – 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Емдеу күніне 1 рет 200 мг (10 мл ерітінді 20 мг/мл) енгізуден басталады, одан кейін жағымдылығы жақсы болса, дозаны күніне 1-2 рет 400 мг (20 мл ерітінді 20 мг/мл) дейін арттырады. Емдеу ұзақтығы – 10-15 күн. Жүрек ырғағының жедел бұзылуларында препаратты бір реттік 200-400 мг дозада (10-20 мл ерітінді 20 мг/мл) сорғалатып енгізуге болады. Ишемияға ұшыраған бүйректің  фармакологиялық қорғанысы үшін бүйрек артерияларының қысылуына дейін 5-15 минут бұрын Рибоксин 1,2 г (60 мл ерітінді 20 мг/мл), ал одан кейін қан айналымының қалыпқа келуінен кейін іле-шала тағы 0,8 г (40 мл ерітінді 20 мг/мл) бір реттік дозада вена ішіне сорғалатып енгізіледі. Венаға тамшылатып енгізу кезінде 20 мг/мл ерітіндіні 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады. Енгізу әдісі және жолы Препарат вена ішіне баяу сорғалатып немесе тамшылатып (1 минутта 40-60 тамшы) қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.