+168 бонус

РИАЛТРИС МОНО 50 мкг+500 мкг/доза №120 доз

3370 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ГЛЕНМАРК СПЕШИАЛТИ С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препараттың құрамында белсенді зат - мометазон фуроат моногидраты (мометазон фуроатына баламалы, 0.05172 мг (0.0500 мг), қосымша заттар: авицел RC-591 (микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы), глицерол, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектер мен 3 жастан асқан балаларда маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит симптомдарын емдеу - 18 жастан асқан ересек пациенттерде мұрын полиптерін емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық - мұрын шырышты қабығының зақымдануымен бірге емделмеген оқшауланған инфекцияның болуы (мысалы, қарапайым герпес) - жақында болған хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кортикостероидтар жаралардың жазылуын баяулатады, сондықтан кортикостероидтарды жараның толық жазылғанына дейін жергілікті интраназальді қолдану үшін тағайындауға болмайды)
Дозасы
Мұрынға арналған спрейді қолдануға дайындау Препараттың құтысында дозалайтын қондырманы қорғайтын және оның ластануына жол бермейтін шаңнан қорғайтын қалпақшасы бар. Қолданар алдында оны алып тастауды және қолданғаннан кейін орнына қайтаруды ұмытпаңыз. Риалтрис Моно мұрынға арналған спрейін бірінші рет қолданар алдында дозалағыш құрылғыны 10 рет басу арқылы (біртекті спрей шыққанға дейін) оның «калибрлеуін» жүргізу қажет. «Калибрлеуден» кейін дәрілік заттың стереотиптік берілуі белгіленеді, бұл ретте әрбір басқан сайын құрамында шамамен 50 мкг мометазон бар 100 мг суспензия шығарылады. Егер мұрын спрейі 7 күн немесе одан да ұзақ уақыт қолданылмаса, спрейдің біркелкі шашырауы байқалмағанша 2 рет басу арқылы қайта «калибрлеуді» жүргізу қажет. Әр пайдаланар алдында спрей құтысын қатты сілкіп, ақырын сіңбіріп, содан кейін басын сәл алға қарай еңкейтіп, мұрын арқылы баяу дем алып, спрейді мұрынға себу қажет. Ауыз арқылы дем шығарыңыз. Спрей бар құты көрсетілген басу санынан кейін жарамсыз болады (120 доза). Маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит 12 жастан асқан жасөспірімдерде және ересектерде, оның ішінде егде пациенттер, препараттың ұсынылған дозасы әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысына 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза препараттың 200 мкг құрайды). Оң клиникалық әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем ретінде әрбір мұрын жолына 1 бүркуге дейін дозасын (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг) төмендету ұсынылады. Егер ауру симптомдарының әлсіреуіне қол жеткізу мүмкін болмаса, дозасы ең жоғары тәуліктік дозаға дейін ұлғайтылуы және әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 рет 4 бүркуді құрауы мүмкін (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Ауру симптомдары жеңілдегеннен кейін дозаны азайту ұсынылады. 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын доза әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 рет 1 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг). Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық әсердің басталуы терапия басталғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта байқалуы мүмкін, дегенмен толық әсерге тек 48 сағаттан кейін қол жеткізуге болады. Сондықтан толық клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратты үнемі пайдаланып отыру маңызды. Анамнезінде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге күтіліп отырған гүлдеу маусымының басталуына дейін бірнеше күн бұрын Риалтрис Моно  мұрынға арналған спреймен емдеуді бастау қажет. Мұрын полипозы Полипозды емдеу үшін ұсынылатын бастапқы доза әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Егер 5-6 апта ем қабылдағаннан кейін ауру симптомдарының әлсіреуіне қол жеткізу мүмкін болмаса, дозаны әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет 2 бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Дозаны аурудың симптомдары тиімді бақыланатын ең төменгі дозаға дейін төмендету керек. Егер тәулігіне 2 рет тағайындалған кезде 5-6 апта ем қабылдаудан кейін симптомдардың жақсаруы байқалмаса, пациенттің жай-күйіне қайта бағалау жүргізу және емдеу стратегиясын қайта қарау керек. Енгізу әдісі мен жолы Мұрын ішіне қолдану үшін. Ингаляторды пайдалану жөніндегі нұсқаулық: Құтыны сілкіп жіберіңіз де шаңнан қорғайтын қалпақшаны алыңыз (1-сурет). (1-сурет) 2. Ақырын сіңбіріп алыңыз. 3. 2-суретте көрсетілгендей, бір мұрын жолын жауып, ұштықты екінші мұрын жолына салыңыз. Құтыны тік ұстап, басыңызды сәл алға қарай еңкейтіңіз. (2-сурет) 4. Мұрынмен ақырын және баяу дем ала бастаңыз және дем алған кезде мұрынға спрейді 1 рет басып бүркіңіз. 5. Ауыз арқылы дем шығарыңыз. Қажет болса, сол мұрын жолына екінші рет басу үшін 4-қадамды қайталаңыз. 6. Ұштықты осы мұрын жолынан алып тастаңыз және ауызбен дем шығарыңыз. 7. Екінші мұрын жолы үшін 3-тен 6-ға дейінгі қадамдарды қайталаңыз. Спрейді пайдаланғаннан кейін ұштықты таза сүрткімен сүртіңіз және шаңнан қорғайтын қалпақшаны кигізіңіз (3-сурет). (3-сурет) Әр пайдаланар алдында құтыны сілкіңіз. Құтыны көрсетілген басу санынан кейін тастау керек (120 доза). Мұрынға арналған спрейді тазарту • Мұрынға арналған спрейді үнемі тазалап отыру керек; әйтпесе ол тиісінше жұмыс істемеуі мүмкін. • Шаңнан қорғайтын қалпақшаны шешіп алып, ұштықты абайлап алыңыз. • Ұштықты және шаңнан қорғайтын қалпақшаны жылы сумен жуыңыз, содан кейін ағынды сумен шайыңыз. • Мұрын аппликаторын түйреуішті немесе басқа үшкір затты салу арқылы алып тастауға тырыспаңыз, өйткені бұл аппликаторды зақымдауы мүмкін және дәрі-дәрмектің қажетті дозасын қабылдай алмауыңызға әкеледі. • Қалпақшаны және ұштықты жылы жерде кептіріңіз. • Ұштықты қайтадан құтыға кигізіңіз және шаңнан қорғайтын қалпақшаны жабыңыз. • Тазалағаннан кейін бірінші рет пайдаланған кезде калибрлеу үшін қайтадан 2 дозаны бүрку қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.