+2611 бонус

РЕЗЕЛИГО имплантат д/п/к введен 3,6 мг №1 шприц

52235 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гозерелин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Зентива, к.c.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір имплантат құрамында белсенді зат - гозерелин ацетаты 4.1 мг (3.6 мг гозерелинге баламалы), қосымша зат - Resomer® RG 502H (поли (D,L-лактид-ко-гликолид 50: 50) – 13,9 мг
Қолданылуы
- қуықасты безінің обыры: гормональді ем жүргізуге жататын қуықасты безінің ісіктерін емдеу үшін көрсетілген - сүт безінің обыры: гормональді ем жүргізуге жататын сүт бездерінің ісіктерін емдеу үшін пре- және перименопаузадағы әйелдерге көрсетілген - ерте сатыдағы сүт безінің обыры: гормональді ем жүргізуге жататын сүт безінің ісіктері бар пре- және перименопаузадағы әйелдерде сүт безінің обырын ерте сатысында адъювантты емдеу үшін көрсетілген - эндометриоз: хирургиялық араласымның алдында ауыр эндометриозды ұзақтығы 6 айға дейінгі үздіксіз емдеу үшін. Эндометриозды емдеу аясында Резелиго симптомдарды, соның ішінде ауырсынуды жеңілдетеді, сонымен қатар эндометриялық зақымданулардың көлемі мен санын азайтады - жатыр миомасы: миоманың көлемін азайту үшін 3 айға дейін қолданылады. Резелиго хирургиялық араласым үшін қолайлы жағдайлар жасау және периоперациялық кезеңде қан жоғалтуды азайту үшін хирургиялық араласымға қосымша ретінде қолданылады. Жатыр миомасын емдеу аясында препарат оның көлемін азайту, пациенттің қан талдауын жақсарту және симптомдарды, соның ішінде ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылады - жатырдың шырышты қабығының (эндометрий) жұқаруы: эндометрий абляциясы емшарасының алдында жатырдың шырышты қабығын жұқарту үшін көрсетілген. Препарат 4 апта аралықпен 2 имплантат түрінде енгізіледі, бұл ретте емшара екінші дозаны енгізгеннен кейін екі апта ішінде жүргізілуі тиіс - қосымша репродукция, яғни экстракорпоралдық ұрықтандыру: гонадотропин енгізуге (немесе овуляцияны стимуляциялауға) дайындық кезінде гипофиз функциясын төмендету Ұсыным: препарат тек урологтың, онкологтың немесе гинекологтың бақылауымен қолданылуы керек.
Қарсы көрсетілімдер
- гозерелинге немесе ГнРГ басқа аналогтарына, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Төменгі құрсақүсті артериясына және оның тармақтарына жақындығына байланысты Резелиго препаратын алдыңғы құрсақ жақтауына енгізген кезде сақтық таныту керек. Резелиго препаратын ДСИ төмен және/немесе толық дозада антикоагулянттар алатын пациенттерге тағайындау кезінде ерекше сақтық шаралары көрсетілген (4.4-бөлімді қараңыз). Препаратты дұрыс енгізу үшін қосымша парақта келтірілген нұсқауларды орындау қажет. Ересектер Осы препараттың депо-дозасының бір тері астына инъекциясын әрбір 28 күн сайын алдыңғы құрсақ жақтауына енгізеді. Эндометриоз Эндометриозды емдеуді 6 айдан асырмай жалғастыру керек, өйткені осы уақытқа дейін анағұрлым ұзақ курстардың пайдасына клиникалық деректер алынған жоқ. Сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеу қаупіне байланысты қайталанатын курстарға жол берілмейді. Эндометриозға байланысты гозерелин қабылдайтын пациенттерде гормональді орын басу емін (эстроген мен прогестагенді күнделікті қабылдау) қосу сүйек тінінің минералдық тығыздығының жоғалуын және вазомоторлық симптомдардың ауырлығын төмендететіні көрсетілді. Эндометрийдің жұқаруы Емдеу төрт немесе сегіз аптаға созылады. Екінші имплантатты енгізу жатырдың көлемі үлкен немесе хирургиялық араласым күні белгісіз болғанда қажет болуы мүмкін. Жатыр миомасы Жатыр миомасына байланысты анемиясы бар әйелдер: Резелиго хирургиялық араласымның алдында 3 айға дейінгі уақыт ішінде темір препараттарымен бірге тағайындалады. Қосалқы репродукция Резелиго қан сарысуындағы эстрадиол концентрациясы бойынша анықталатын гипофиз функциясын («функцияны басу») төмендету үшін қолданылады және циклдің ерте фолликулалық фазасында (шамамен 150 пмоль/л) сәйкес келуі тиіс. Бұл әдетте циклдің 7-ші және 21-ші күндері аралығында болады. Гонадотропиннің көмегімен «гипофиз функциясын басуға» қол жеткізгеннен кейін суперовуляция (бақыланатын аналық бездердің стимуляциясы) басталады. Агонисті депо түрінде енгізуден туындаған «гипофиз функциясын басу» анағұрлым тұрақты болып табылады, бұл кейбір жағдайларда гонадотропиннің дозасын арттыруда қажеттілік туындауы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді. Фолликулдардың тиісті даму сатысында гонадотропин енгізуді тоқтатады және овуляцияны индукциялау үшін адамның хориондық гонадотропині (АХГ) енгізіледі. Емдеуді бақылау, ооциттердің аспирациясы және ұрықтандыру белгілі бір медициналық мекеменің стандартты тәжірибесіне сәйкес жүргізіледі. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер Дозаны түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.