+5250 бонус

РЕВОЛЕЙД 25мг №14 таб

105000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Элтромбопаг
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 31,9 мг және 63,8 мг элтромбопаг оламині, тиісінше, 25 мг және 50 мг элтромбопагқа шаққанда, қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, повидон К30, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты; қабықтың құрамы: Опадрай® ақ YS-1-7706-G (дозасы 25 мг таблеткалар): гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, полисорбат 80, Опадрай® қоңыр 03В26716 (дозасы 50 мг таблеткалар): гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172), темірдің қызыл тотығы бояғышы (Е 172).
Қолданылуы
- кортикостероидтарға және иммуноглобулиндерге рефрактерлі болғанда, ауру диагноз қойылған сәттен 6 айға және одан ұзақ уақытқа созылғанда бастапқы иммундық тромбоцитопениясы (БИТ) бар 1 жастағы және одан үлкен пациенттерді емдеу. - тромбоцитопения дәрежесі интерферондармен оңтайлы ем жүргізілуін бөгейтін немесе шектейтін негізгі фактор болып табылатын созылмалы вирустық С гепатиті бар ересек пациенттердегі тромбоцитопенияны емдеу. - алдыңғы иммуносупрессиялық емге сезімтал емес немесе қарқынды ем алған және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамайтын ересек пациенттерде жүре пайда болған ауыр апластикалық анемияны (ААА) емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- элтромбопагқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
Дозасы
Револейд™ препаратымен емдеуді гематологиялық патологиясы бар пациенттерді басқару тәжірибесі, сондай-ақ созылмалы С гепатиті мен оның асқынуларын емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі және қарап отыруы тиіс. Револейд™ препаратының дозалау режимі тромбоциттер саны негізінде жекелей тағайындалады, бірақ тромбоциттер санын қалпына келтіру емдеудің мақсаты болып табылмайды. Пациенттердің көпшілігінде тромбоциттер санының артуы емдеудің 1-2 аптасынан кейін пайда болады. Револейд™ препаратын антацидтерді, сүт өнімдерін немесе құрамында поливалентті катиондар (алюминий, кальций, темір, магний, селен және мырыш) бар минералды қоспаларды қабылдаудан кемінде 4 сағат бұрын немесе 4 сағаттан кейін қабылдануы тиіс. Револейд™ препаратын құрамында аз мөлшерде кальций (50 мг-нан аз) бар тағаммен немесе кальцийсіз қабылдауға болады, бұл дұрысырақ болып табылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.