+60 бонус

РЕВМОКСИКАМ 15мг №20 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
1210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО Фармак
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – мелоксикам – 7,5 мг немесе 15 мг (100% сусыз затқа шаққанда), қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, повидон, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Ревмоксикам® ересектер мен 16 жастан асқан балаларға арналған: остеоартроздың жедел ұстамасын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде ревматоидты артритті және шорбуынданатын спондилитті ұзақ симптоматикалық емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
препараттың әсер етуші затына және қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық әсері ұқсас басқа заттарға аса жоғары сезімталдық (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСП). Мелоксикамды демікпе белгілері, мұрындағы полиптер, Квинке ісінуі немесе есекжем туындаған пациенттерге тағайындамау керек асқазан-ішек жолдарынан қан кету немесе анамнезде осының алдындағы ҚҚСП емімен каузалды байланысты асқазан-ішек жолының перфорациясы үдемелі немесе қайталанған пептидтік ойық жара/ анамнезіндегі қан кету (анамнезінде 2 немесе одан да көп қан кетулер немесе ойық жаралану көрінісі болған) анамнездегі асқазан-ішектегі ойық жарадан қан кету, жуырда бастан өткерген цереброваскулярлық қан кету немесе басқа геморрагиялық аурулар бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (диализ жүргізілмейтін) ауыр жүрек жеткіліксіздігі жүктіліктің үшінші триместрі («Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз) 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Дәрілік заттың жалпы тәуліктік дозасын бір рет қолдану керек. Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бәсеңдету үшін қажетті ең қысқа емдеу ұзақтығы ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады. Симптомдардың айқындылығына және оның емдеуге жауабына байланысты, әсіресе остеоартритпен ауыратын пациенттерде дозаны азайту қажеттілігін мезгіл-мезгіл бағалау керек. Остеоартроздың өршуі: 7,5 мг/тәулігіне (7,5 мг 1 таблеткасы немесе 15 мг таблетканың жартысы). Егер қажет болса, дозаны тәулігіне 15 мг дейін (15 мг 1 таблетка немесе 7,5 мг 2 таблетка) арттыруға болады. Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит: 15 мг/ тәулігіне (15 мг 1 таблетка немесе 7,5 мг 2 таблетка). Емдік әсерге сәйкес дозаны тәулігіне 7,5 мг-ға дейін төмендетуге болады (7,5 мг 1 таблеткасы немесе 15 мг таблетканың жартысы).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.