+128 бонус

РЕПАГЛИД 1 мг N30 таблетки

2575 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Репаглинид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 1.0 мг, 2.0 мг репаглинид, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций гидрофосфаты, полакрилин, повидон К-30, глицерин, полоксамер 188, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е 172) 1 мг доза үшін, темірдің қызыл тотығы (Е 172) 2 мг доза үшін.
Қолданылуы
- 2 типті қант диабетінде диетотерапия, дене салмағын және дене жүктемесін төмендету тиімсіз болғанда - 2 типті қант диабетінде метформинмен монотерапия көмегімен гликемияны қанағаттанарлықтай бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда метформинмен біріктіріп. Емді қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін диетотерапияға және дене жүктемесіне қосымша дәрі ретінде тағайындаған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- репаглинидке немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 1 типті қант диабеті, жағымсыз С-пептид - команың дамуымен немесе онсыз диабеттік кетоацидоз - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - гемфиброзилді қатарластыра қабылдау - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Репаглинид қабылдағанға дейін тағайындалады және дозаны таңдау гликемиялық бақылауды оңтайландыру үшін жекелей негізде жүзеге асырылады. Пациенттің қандағы және несептегі глюкоза деңгейіне әдеттегідей өздігінен мониторингісіне қосымша, глюкоза деңгейін бақылауды дәрігер пациент үшін тиімді ең төмен дозаны анықтау үшін жүргізуі тиіс. Гликозилденген гемоглобиннің концентрациясы да пациенттің емге жауабының көрсеткіші болып табылады. Глюкозаның концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау репаглинидті ұсынылған ең жоғары дозада (яғни пациентте «алғашқы резистенттілік» бар болғанда), сондай-ақ бұрын жүргізілген тиімді емнен кейін гипогликемиялық жауабының бәсеңдегенін (яғни пациентте «салдарлық резистенттіліктің» бар екендігін) анықтау мақсатында алғаш тағайындағанда қанда глюкоза концентрациясының талапқа сай емес төмендегенін анықтау қажет. Репаглинидті қысқа мерзімдік қолдану әдетте жақсы бақыланатын диетадағы, 2 типті қант диабеті бар пациенттерде бақылауды өткінші жоғалту кезеңі кезінде жеткілікті болуы мүмкін. Бастапқы доза Препараттың дозасын қандағы глюкоза деңгейіне байланысты дәрігер анықтайды. Ұсынылатын бастапқы бір реттік доза 0.5 мг құрайды. Дозаны түзету арасында 1-ден 2 аптаға дейін уақыт өту керек (мұндайда емге жауабының көрсеткіші ретінде қандағы глюкоза концентрациясына бағдар жасалады). Егер пациент басқа пероральді гипогликемиялық дәріден Репаглид® препаратымен емдеуге ауысса, онда негізгі тамақты ішер алдында қабылдауға ұсынылатын бастапқы доза 1 мг болуы тиіс. Демеуші ем Негізгі тамақты ішу кезіндегі қабылдауға ұсынылатын ең жоғары бір реттік доза 4 мг құрайды. Ең жоғары жиынтық тәуліктік доза 16 мг-ден аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Репаглид® препаратын негізгі тамақ ішуге дейін қабылдау керек (яғни алдын ала). Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Дозаны әдетте тамақтан кейін 15 минут ішінде қабылдайды, алайда бұл уақыт тамақтануға дейінгі 30 минуттан бастап (оның ішінде күніне 2, 3 және 4 қабылдау) өзгеріп тұруы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.