+190 бонус

РЕОСОРБИЛАКТ 200 мл р-р д/инф

3800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Электролиты в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: УКРАИНА
  • Өндіруші: Юрия-Фарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 60,0 мг сорбитол; 19,0 мг натрий лактаты (100% затқа шаққанда); 6,0 мг натрий хлориді; 0,1 мг кальций хлориді (құрғақ затқа шаққанда, кальций хлоридінің дигидраты); 0,3 мг калий хлориді; 0,2 мг магний хлориді (құрғақ затқа шаққанда, магний хлоридінің гексагидраты). қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
жарақаттық, геморрагиялық, уыттылық және күйік шоктарын, жедел қан жоғалтуды, күйік ауруын профилактикалау және емдеу мақсатында капиллярлық қан ағымын жақсартуда уыттанумен қатар жүретін инфекциялық аурулар кезінде, оның ішінде ауруханалық емес пневмониясы, іріңді перитониті, сепсисі бар пациенттерді кешенді емдеу құрамында, созылмалы гепатиттің өршуі кезінде операциядан кейінгі кезеңде тромбоздың, тромбофлебиттің, эндартерииттің, Рейно ауруының профилактикасы мақсатында артериялық және веналық қанайналымды жақсартуда
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық алкалоз миға қан құйылу тромбоэмболия жүрек-қантамыр декомпенсациясы III дәрежелі артериялық гипертензия терминалды сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсацияланған жүрек ақауы олигурия сусыздану жүктілік және бала емізу кезеңі тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Реосорбилакт ересектерге вена ішіне (в/і) минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізіледі. Қажет болған жағдайда, сынама жүргізілгеннен кейін минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізу жолымен препаратты сорғалатып енгізуге рұқсат етіледі. 15 тамшы енгізгеннен кейін препараттың инфузиясы тоқтатылады, ал реакция болмаған кезде 3 минуттан кейін Реосорбилакт вена ішіне сорғалатып енгізіледі. Ересектерге Жарақаттық, геморрагиялық, уыттылық және күйік шоктарында 600-1000 мл (науқастың дене салмағына қарай 10-15 мл/кг) бір рет және қайталап енгізіледі, 600-1000 мл (науқастың дене салмағына қарай 10-15 мл/кг) басында, вена ішіне сорғалатып, содан кейін вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Іріңді перитонит кезінде 400–1200 мл вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Уыттанумен қатар жүретін инфекциялық аурулар үшін (ауруханалық емес пневмония, созылмалы гепатиттің өршуі) 400 мл (дене салмағына қарай 6-7 мл/кг) вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Жедел қан жоғалту кезінде 1500-1800 мл-ден (дене салмағына қарай 25 мл/кг дейін) енгізіледі. Бұл жағдайда Реосорбилакт инфузиясын ауруханаға дейінгі сатыда, мамандандырылған жедел жәрдем машинасында жүргізу ұсынылады. Операциядан кейінгі кезең 400 мл дозада (дене салмағына қарай 6-7 мл/кг) 3-5 күн бойына вена ішіне тамшылатып. Қан тамырларының тромбоблитерациялайтын ауруларында дене салмағына қарай 8-10 мл/кг есебімен, вена ішіне тамшылатып, қайталап, күнара, әр емдеу курсында 10 инфузияға дейін. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне (в/і).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.