+91 бонус

РЕМАНТАДИН 100 мг №10 капс

1830 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Римантадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Олайнфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсула құрамында белсенді зат – 100 мг римантадин гидрохлориді, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы, бояғыш: «күн батар түстес» сары FCF (Е 110), Капсула корпусы мен қақпақшасының құрамы: титанның қостотығы (E 171), желатин.
Қолданылуы
- А типті тұмауды ерте сатысында емдеу - эпидемиялық маусым кезеңіндегі А типті тұмау профилактикасы Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды. А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- адамантан тобының туындыларына немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - тиреотоксикоз - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты қабылдауды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден бастау керек. Егер қолдану аурудың алғашқы 48 сағаты ішінде  басталса, емдік әсері анағұрлым айқын болады. Тұмауды емдеу: ересектерге арналған доза күніне 2 рет 100 мг құрайды. Егде жастағы адамдар (65 жастан асқан): доза күніне бір рет 100 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды. Тұмау профилактикасы: Препаратты қолдануды тұмау эпидемиясы басталысымен бастау керек. Оны тұмау эпидемиясы кезінде қабылдау керек, бірақ 2 аптадан аспауы керек. Ересектерге доза күніне 2 рет 100 мг құрайды. Егде жастағы адамдарға және асқыну қаупі жоғары пациенттерге доза күніне бір рет 100 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылыстарында препаратты қолдануға болмайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алу және қажет болса дозаны түзету керек: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылыстарында препаратты қолдануға болмайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алу және қажет болса дозаны түзету керек: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ремантадинды тамақтан кейін, сумен ішіп қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.