+199 бонус

РЕЛИФ АДВАНС 28,4 г мазь рект

3980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензокаин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Байер Консьюмер Кэр АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм жақпамайдың құрамында белсенді зат: 200 мг бензокаин; қосымша заттар: ашық сұйық парафин (ашық минерал майы), ақ жұмсақ парафин (вазелин), пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сорбитан стеараты.
Қолданылуы
- сыртқы және ішкі геморройда - айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында, анальді қышынуда - проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар. Препаратты күніне 4 ретке дейін қолданады (таңертеңгісін, түнге қарай және ішек әрбір босағаннан кейін). Емдеу курсының ұзақтығы – 7-10 күн. Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек. Жақпамайды қолданардың алдында ылғалдандырылған сүрткімен зақымданған жерді сүрту керек. Тік ішекке жақпамайды енгізу үшін аппликатордан қорғағыш қалпақшаны шешу керек, аппликаторды сықпаға бекітіп сықпадан жақпамайды асықпай сығып шығару керек. Аппликаторды жақсылап майлағаннан кейін тік ішекке оны абайлап енгізу керек. Жақпамайды сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағу керек. Әрбір қолданыстан кейін аппликаторды мұқият дезинфекциялау және оған қорғағыш қалпақшаны кигізу керек. Енгізу әдісі және жолы Тік ішекке енгізу Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі Күніне 4 ретке дейін (таңертеңгісін, түнге қарай және ішек әрбір босағаннан кейін). Емдеу ұзақтығы Қолдану ұзақтығы – 10 күнге дейін. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Бензокаиннің артық дозалануы жүрек ырғағының бұзылуын, құрысуды, команы, тыныс алу жиілігінің азаюы немесе тыныс алу жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Метгемоглобинемия жағдайлары сипатталған. Цианоз сияқты симптомдар (бозғылт, сұрғылт немесе тері түсінің көкшілденуі, еріндер мен саусақтардың ұштары), бас ауыруы, бас айналу, ентігу, әлсіздік және бензокаинмен емдеуде пайда болатын тахикардия өлімге әкеп соқтыратын метгемоглобинемияны көріністеуі мүмкін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Метгемоглобинемия дамыған жағдайда емдеу метилен көк ерітіндісін вена ішіне енгізуді қамтиды. Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар - аллергиялық дерматит, қолданған жерде тітіркену (жанаспалы дерматит) - тері, ерін және тырнақ пластинасы цианозымен, бас ауыруы, бас айналу, ентігу, қатты шаршау және тахикардиямен қатар жүретін метгемоглобинемия. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.