+1250 бонус

РЕКОРМОН 2000 ЕД 0,3 мл №6 шпр

25000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эритропоэтин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Roche Diagnostics GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір шприц-түбек (0.3 мл) ішінде белсенді зат - 2000 ХБ эпоэтин бета, қосымша заттар: динатрий гидрофосфаты (12-сулы), натрий дигидрофосфаты (2-сулы), натрий хлориді, кальций хлориді (2-сулы), мочевина, полисорбат 20, глицин, L-лейцин, L-изолейцин, L-треонин, L- глутамин қышқылы, L-фенилаланин, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Рекормон® препараты келесілер үшін қолданылады: бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар ересектер мен балаларда симптоматикалық анемияны емдеу үшін шала туған, жүктіліктің 34-ші аптасына дейін 750-1500 г дене салмағымен туылған нәрестелерде анемияның профилактикасы үшін миелоидтық емес тығыз ісіктері бар, химиотерапия қабылдап жүрген ересек пациенттерде симптоматикалық анемияны емдеу үшін кейіннен аутотрансфузия жүргізілетін ересектерде аутологиялық қан көлемін арттыру үшін. Препарат осы көрсетілім үшін тағайындалған жағдайда, тромбоэмболиялық құбылыстардың туындауының тіркелген қаупін ескеру керек. Орташа анемиясы бар (гемоглобин деңгейі 100-130 г/л [6.21-8.07 ммоль/л] темір тапшылығынсыз) пациенттерге препаратты тек, консервацияланған қанның жеткілікті мөлшерін алу мүмкін болмаған, ал жоспарлы ауқымды элективті операциялық араласым қанның үлкен көлемін (әйелдер үшін >4 бірлік немесе ерлер үшін >5 бірлік) қажет етуі мүмкін жағдайда ғана тағайындайды.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық Бақыланбайтын артериялық гипертензия Кейіннен жүргізілетін аутогемотрансфузия үшін қан көлемін арттыру мақсатында тағайындалған жағдайда: алдағы бір ай ішінде миокард инфарктісі немесе инсульт, тұрақсыз стенокардия немесе терең веналар тромбозы мен тромбоэмболиялар қаупінің жоғарылауы Фенилкетонурия
Дозасы
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар ересектер мен балаларда симптоматикалық анемияны емдеу Анемияның симптомдары мен асқынулары пациенттің жас шамасына, жынысына және аурудың сипатына байланысты ауытқып отыруы мүмкін; аурудың ауырлығы мен пациенттің жағдайына әрбір жеке жағдайда дәрігер баға беруі тиіс. Препаратты не тері астына, немесе вена ішіне, гемоглобиннің (Hb) 120 г/л (7.5 ммоль/л) аспайтын мақсатты деңгейіне жеткенге дейін енгізу керек. Гемодиализ жүргізілмейтін пациенттерге, шеткері веналардың пункциясын болдырмау үшін, препаратты тері астына енгізген дұрыс. Гемодиализ жүргізілетін пациенттерге препаратты диализ сеансының соңында артерия-вена шунты арқылы шамамен 2 минут бойы енгізеді. Рекормон® препаратымен емдеу 2 сатыда жүргізіледі. 1. Түзету сатысы Тері астына енгізу: Бастапқы дозасы дене салмағына аптасына 3 рет 20 ХБ/кг құрайды. Дозасын әр 4 апта сайын аптасына 3 рет 20 ХБ/кг дейін және егер Hb жоғарылауы жеткіліксіз (аптасына <2.5 г/л) болса, апта сайын арттыруға болады. Апталық дозасын күнделікті енгізулерге бөлуге де болады. Вена ішіне енгізу: Бастапқы дозасы дене салмағына аптасына 3 рет 40 ХБ/кг құрайды. Дозасын әр 4 апта сайын 80 ХБ/кг – аптасына 3 рет арттыруға – және ары қарай, қажет болған жағдайда бір ай аралықпен, аптасына 3 рет 20 ХБ/кг-ге арттыруға болады. Кез келген енгізу тәсілі жағдайындағы ең жоғарғы дозасы аптасына 720 ХБ/кг аспауы тиіс. 2. Демеуші ем Hb 100-ден 120 г/л дейінгі мақсатты деңгейін ұстап тұру үшін, дозасын бастапқыда алдыңғысының жартысына азайту керек. Ары қарай дозасы жекелей, 1 немесе 2 апта аралықпен таңдалады (демеуші дозасы). Тері астына енгізген кезде апталық дозасын бір қабылдауда енгізеді немесе апта ішінде 3-7 енгізуге бөледі. Егер бір рет енгізу режимі кезінде пациенттің жағдайы тұрақтанса, пациентті 2 аптада бір рет енгізу режиміне көшіруге болады, бұл дозасын арттыруды қажет етуі мүмкін. Рекормон® препаратымен емдеу әдетте, ұзаққа созылады. Дегенмен, қажет болған жағдайда, оны кез келген уақытта тоқтатуға болады. Шала туған нәрестелердегі анемияның профилактикасы Ерітінді кг дене салмағына аптасына 3 рет 250 ХБ дозада тері астына енгізіледі. Шала туған нәрестелерге Рекормон® препаратымен емдеуді бастағанға дейін гемотрансфузия жүргізілсе, емге жауаптың гемотрансфузия жүргізілмеген жаңа туған нәрестелерде қол жеткізілуі мүмкін жауапқа тең болу ықтималдығы аз. Емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 6 аптаны құрайды. Ісіктері бар пациенттерде химиотерапия индукциялаған симптоматикалық анемияны емдеу Анемиясы бар (Hb деңгейі ≤100 г/л (6.2 ммоль/л) пациенттерге препаратты тері астына енгізеді. Анемияның симптомдары мен асқынулары жас шамасына, жынысына және аурудың сипатына байланысты ауытқып отыруы мүмкін; аурудың ауырлығы мен пациенттің жағдайына әрбір жеке жағдайда дәрігер баға беруі тиіс. Апталық дозасын аптасына бір рет енгізуге немесе аптасына 3-7 енгізуге бөлуге болады. Ұсынылатын бастапқы дозасы аптасына 30,000 ХБ құрайды (бұл пациенттің өлшенген орташа дене салмағының шамамен 450 ХБ/кг құрайды). Емдеуді химиотерапия аяқталғаннан кейін 4 аптаға дейін жалғастыру керек. Ең жоғарғы дозасы аптасына 60,000 ХБ аспауы тиіс. Аутологиялық қан мөлшерін арттыру Препарат 4 апта бойы аптасына 2 рет вена ішіне шамамен 2 минут бойы немесе тері астына енгізіледі. Егер гематокрит көрсеткіші (≥33%) қан алуға мүмкіндік берсе, препарат емшараның соңында енгізіледі. Барлық емдеу курсы бойына гематокрит 48%-дан аспауы тиіс. Препараттың дозасын трансфузиолог дәрігер мен хирург, пациенттен қанның қандай көлемі алынатындығына және оның эритроцит қорына байланысты жекелей белгілейді. Осылайша анықталған бір реттік дозасы 4 апта бойы аптасына 2 рет енгізіледі. Ең жоғарғы дозасы вена ішіне енгізгенде кг дене салмағына аптасына 1600 ХБ және тері астына енгізгенде аптасына 1200 ХБ/кг аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Рекормон® препараты алдыңғы құрсақ қабырғасы, иық аймағына немесе санның алдыңғы беткейіне тері астына, немесе вена ішіне енгізіледі. Препаратты енгізу тәсілін Сіздің дәрігеріңіз белгілеуі тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.