+183 бонус

РЕКЛИН 15 мг/1,5 мл №5 амп

3670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: HELP S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат – мелоксикам 15 мг, қосымша заттар - меглюмин, глюкофурол, полоксамер 188, натрий хлориді, глицин, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Реклин препаратын мелоксикамды пероральді немесе ректальді қолдану жолы тиімсіз болғанда, ревматоидты артрит пен шорбуынданған спондилоартрит асқынуларын қысқа мерзімдік симптоматикалық емдеу үшін қолданылады. Реклин препараты, инъекцияға арналған ерітінді, ересектерге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- мелоксикамға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ұқсас әсері бар заттарға аса жоғары сезімталдық, мысалы, ҚҚСП, ацетилсалицил қышқылы (аспирин). Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін бронх демікпесі, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП тағайындағаннан кейін есекжем симптомдары байқалған пациенттерге мелоксикамды тағайындауға болмайды; - анамнезде алдыңғы ҚҚСП терапиясымен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация болғанда; - асқазан-ішектен қан кету,  цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюының басқа да бұзылулары; - пептидтік жара немесе қан кету белсенді түрде немесе анамнезде (ойық жараның немесе қан кетудің дәлелденген екі немесе одан да көп айқын көріністері); - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (егер гемодиализ жүргізілмесе); - гемостаздың бұзылуы немесе антикоагулянттармен қатар емдеу (енгізу жолымен байланысты қарсы көрсетілімдер (б/і инъекциялар)); - жүректің ауыр жеткіліксіздігі;
Дозасы
Бұлшықет ішіне қолдану үшін: күніне бір рет 15 мг-ден. Жалпы күндізгі доза  15 мг-ден аспауы тиіс. Емдеу әдетте емнің басында бір реттік инъекциямен шектелуі тиіс, айрықша жағдайларда, көрсеткіштер бойынша емді барынша екі-үш күнге ұзартуға болады (пероральді қабылдау немесе ректальді қолдану мүмкін болмаған жағдайда). Жағымсыз әсерлерді ең төмен тиімді дозаны және симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз емдеу ұзақтығын қолдана отырып азайтуға болады. Пациентте ауырсыну симптомын жеңілдету және емге жауап беру қажеттілігін бағалауды мезгіл-мезгіл жүргізген жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Мелоксикамды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг (1,5 мл ампуланың жартысы). Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттерге Асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары сияқты жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттерде емдеуді тәулігіне 7,5 мг (1,5 мл ампуланың жартысы) дозада бастау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа айқын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Гемодиализде емес бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Реклин препаратын қолдануға болмайды. Гемодиализдегі бүйректің терминальді  жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне 7,5 мг-ден аспауы тиіс (ампуланың жартысы 1,5 мл). Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге (атап айтқанда, креатинин клиренсі 25 мл/мин-ден асатын) дозаны төмендету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Реклин препараты бөксенің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықетке терең инъекция арқылы енгізіледі (асептика ережелерін сақтай отырып). Қайта инъекция кезінде енгізу орны өзгеруі тиіс (сол жақ және оң жақты кезектестіріп). Препаратты енгізер алдында иненің ұшы қан тамырына түспегеніне көз жеткізіп алу керек. Инъекция кезінде қатты ауырсынатын болса, препаратты енгізуді дереу тоқтату керек. Егер пациентте ұршықбуын протезі болса, инъекцияны екінші жағынан  жүргізеді. Емдеуді жалғастыру үшін пероральды енгізу жолын (таблетка) қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.