РЕКЛИН 15 мг №10 рект.супп

4970 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Республика Молдова
  • Өндіруші: ООО ФАРМАПРИМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір суппозиторий құрамында белсенді зат - 15 мг мелоксикам, қосымша зат: қатты май.
Қолданылуы
Ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилитті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
мелоксикамға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ҚҚСП, ацетилсалицил қышқылы сияқты әсері ұқсас заттарға аса жоғары сезімталдық. Мелоксикам ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін бронх демікпесінің симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем дамыған пациенттерге қарсы көрсетілімде анамнездегі алдыңғы ҚҚСП еміне байланысты асқазан-ішек қан кетулері немесе тесілулер анамнездегі белсенді немесе қайталанатын пептидтік ойық жара / қан кетулер (ойық жара немесе қан кетулердің екі немесе одан көп расталған жағдайлары) проктит және ректальді қан кетулерді өткергенде бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің гемодиализ жүргізілмейтін ауыр жеткіліксіздігі жүректің ауыр жеткіліксіздігі аортокоронарлық шунттаудан кейінгі операция кезіндегі ауыруларды емдеу үшін қолданылмайды анамнездегі асқазан-ішек қан кетулері, цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюының басқа бұзылулары жүктіліктің III триместрі 16 жасқа дейінгі жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Ревматоидты артритте және шорбуынданатын спондилитте: ұсынылатын доза тәулігіне 15 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы 15 мг аспауы тиіс. Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылауға қажетті қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы ең аз етуге болады. Дәрігер емдеуге жауапты үнемі бағалап, препараттың дозасын түзетуі керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер және жағымсыз реакциялар қаупі жоғары пациенттер: егде жастағы пациенттердегі ревматоидты артрит пен шорбуынданатын спондилитті ұзақ уақыт емдеуге ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялар қаупі жоғары пациенттерге емдеуді тәулігіне 7,5 мг дозадан бастау керек. Пациенттердің бұл топтары Реклинтм препаратының құрамында 15 мг мелоксикам бар тік ішек суппозиторийлер түрін қолданбауы керек; мелоксикамды оңтайлы дозаларда қолдану ұсынылады. Бүйректің жеткіліксіздігі бар пациенттер: гемодиализдегі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін доза тәулігіне 7,5 мг аспауы тиіс. Бұл пациенттер Реклинтм препаратының құрамында 15 мг мелоксикам бар тік ішек суппозиторийлер түрін қолданбауы керек; мелоксикамды оңтайлы дозаларда қолдану ұсынылады. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі минутына 25 мл астам) дозаны түзету қажет емес. Гемодиализ қолданылмайтын бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауырдың жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны төмендету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Балалар мен жасөспірімдер: препарат 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімде. Енгізу әдісі және жолы Ректальді. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.