+109 бонус

РАПИТУС 30 мг/5 мл 120 мл сироп

2190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Леводропропизин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодз Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - 30 мг леводропропизин, қосымша заттар: натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропил парагидроксибензоаты, натрий кармеллозасы, сұйық сорбитол (кристалданбаған), натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, понсо 4R супра, апельсин хош иістендіргіші №1, жеміс хош иістендіргіші RSV, тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы құрғақ, қақырықсыз жөтелді симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- леводропропизинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жөтелгенде қақырықтың көп бөлінуі (бронхорея)  - бронхтардың мукоцилиарлық функциясының  төмендеуі (Картагенер синдромы, цилиарлы дискинезия) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - жүктілік кезеңі және бала емізу - 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препаратты тамақтанғанға дейін 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: қабылдау аралығы кем дегенде 6  сағат, 10 мл-ден (1 толық өлшеуіш қалпақша) күніне 3 рет. 2 жастан асқан балалар: дене салмағының әр кг-на 1 мг-ден (бір реттік доза) күніне 3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза дене салмағына 3 мг/кг. Есептеудің ыңғайлылығы үшін дозаны келесідей дөңгелектеуге болады: дене салмағы 10-20 кг балаларға 2,5 мл шәрбаттан күніне 3 рет; салмағы 20-30 кг - 5 мл шәрбаттан күніне 3 рет. Емдеу ұзақтығы Дәрігер кеңесінсіз ең ұзақ емдеу ұзақтығы– 7 күн. Егер жөтел леводропропизинді жеті күн қабылдағаннан кейін сақталса, пациент дәрігерге қаралуы керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.