Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: мырыш сульфаты – 5.000 мг, фолий қышқылы – 1.124 мг, цианокобаламин – 10.00 мг, аскорбин қышқылы – 112.5 мг, темір фумараты – 305.0 мг (100.0 мг темірге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, ақшыл сұйық парафин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк, магний стеараты
капсула қақпағының және корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е171), понсо 4R (Е124), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат
WHI001 сияларының құрамы: этанол, 2-пропанол, бутанол, шеллак, полисорбат 80, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171)
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге
Препаратты ішке тәулігіне 2 рет 1 капсуладан қабылдауға тағайындайды. Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды, 1-3 айға дейін созылуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар
Симптомдары
Тамырлық коллапс, мазасыздық, сананың шатасуы, АІЖ қан кету, қыжыл, ауыздың темір татуы, нәжістің күңгірттенуі.
Емі
Құстырту және асқазанды шаю, қажет болғанда - сулы-электролитті теңгерімді түзету. Ацидозда – натрий бикарбонаты ерітіндісін вена ішіне енгізу. Антидот ретінде вена ішіне немесе бұлшықет ішіне дефероксамин енгізеді.
Дәрілік препараттың қолданылуын түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін бару жөнінде нұсқаулар
Қолданар алдында емдеуші дәрігерден міндетті түрде кеңес алыңыз.
Емдеуші дәрігеріңізге қандай да болсын басқа препаратты қабылдап жүргеңіз, жақын арада қабылдағаныңыз немесе қабылдай бастауыңыз мүмкін екендігі туралы хабарлаңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі
- анорексия, іштің кебуі және ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату
- ауыздың темір татуы, тістердің уақытша боялуы, нәжістің қара түске боялуы
Сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, бас ауруы
Темір препараттары
Ең жиі кездесетін жанама әсерлеріне асқазан-ішек әсерлері жатады және жүректің айнуын, құсуды, іштің кебуін және іштегі басқа да жағымсыз сезінулерді, қара нәжісті, диареяны, іш қату мен анорексияны қамтиды. Тістер құрамында темірі бар сұйықтықтардың әсерінен уақытша боялады. Темір препараттарын, әсіресе модификацияланған түрде босап шығатын препараттарды пероральді қабылдау ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде диареяны күшейтуі мүмкін; сондай-ақ ішектің тарылуы және дивертикулярлық ауруы бар пациенттердің сақ болуы қажет.
Іш қату әсіресе егде пациенттерде препаратты үнемі қабылдаудан пайда болуы мүмкін және нәжістің жиналуына әкелуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды. Олар бөртпеден, кейде ауыр түрінен басталып, анафилаксияға дейін түрленеді.
Темір препараттары балаларда кездейсоқ артық дозаланудың себебі болып табылады.
Фолий қышқылы
Эритеманы, бөртпені, қышынуды, есекжемді, жалпы ауырсынуды, ентікпе мен анафилактикалық реакцияларды (шокты қосқанда) қамтитын аллергиялық реакциялар туралы хабарланды. Анорексия, жүректің айнуы, іштің кебуі, метеоризм және ащы/ жағымсыз дәм тату секілді жеңіл асқазан-ішек бұзылулары сирек кездеседі, бірақ орын алуы мүмкін. Таңертең жүректің айнуы жүктілік кезінде пайда болуы мүмкін, бірақ фолий қышқылының әсерімен байланысы жоқ.
Фолий қышқылының күніне 1 мг-ға дейінгі дозалары жақсы қабылданады. Күніне 5 мг немесе одан да көп дозада фолий қышқылының пероральді дозаларын қабылдаған В12 дәруменінің тапшылығы бар пациенттерде неврологиялық симптомдар мен белгілердің күшеюі байқалған 100-ден астам жағдай тіркелген. Фолий қышқылының күніне 5 мг-нан кем дозасын алатын адамдарда мұндай мәлімдемелер өте аз. Фолий қышқылын пероральді қабылдауға аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы сирек мәлімдемелер бар. Бір ай ішінде күн сайын 15 мг фолий қышқылының пероральді дозасын сынау туралы бір мәлімдеме бар, оның барысында сыналатын адамдардың кейбіреуінде ұйқының бұзылуы, психикалық өзгерістер және асқазан-ішек әсерлері байқалды. Салыстырмалы немесе одан жоғары дозаларды, ұзақтығын немесе екеуін де қолдана отырып жүргізілген зерттеулер бұл нәтижелерді растамады.
Цианокобаламин
В12 дәруменін парентеральді түрде алған пациенттерде жеңіл өткінші диарея, шеткі тамырлардың тромбозы, транзиторлы экзантема, есекжем, бүкіл дененің ісінуін сезіну, анафилаксия мен өлім байқалды. Гипокалиемия туғызған аритмиялар гидроксокобаламинмен парентеральді емдеудің басында пайда болды.
Аскорбин қышқылы
Аскорбин қышқылы әдетте уытты емес; дегенмен, жүректің айнуы, құсу, қыжыл, іштің түйілуі, шаршағандық, қанның құйылуы, бас ауруы, ұйқысыздық және ұйқышылдық туралы хабарланды.
Дені сау ересек адамдарда С дәруменінің күніне 3 граммға дейінгі пероральді дозалары жанама реакцияларды тудыруы екіталай. Күніне 3 граммнан асатын пероральді дозаларды қабылдайтын адамдарда жиі таралған жанама реакцияларға асқазан-ішек реакциялары жатады және жүректің айнуын, іштің түйілуін, диарея мен іштің кебуін қамтиды. Бұл реакциялар ішек арқылы өтетін абсорбталмаған С дәруменінің осмостық әсерімен түсіндіріледі. С дәруменінің мегадозаларын қолданудың кейбір жақтаушылары С дәруменінің тәуліктік дозасын «ішектің төзімділігі» деп атайтын деңгейге дейін, яғни, пайдаланушы диареяны сезінген сәтке дейін титрлеуді ұсынады. Бұл ұсынылмайды. Дені сау адамдарда тіркелген сирек жанама реакциялар: қан сарысуындағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын, асқазан-ішек жолының тарылуын және эзофагитті қамтиды.
С дәруменін жоғары пайдаланумен байланысты басқа жанама әсерлер жоғары биіктікке төзімділіктің төмендеуін, баяулатылған типтес аллергиялық реакцияны және тіс эмалінің эрозиясын қамтиды.
Мырыш
Мырыштың күніне 30 миллиграммға дейінгі дозалары әдетте жақсы қабылданады. Өте жоғары дозалар жанама реакцияларды тудыруы мүмкін. Ең жиі таралған жанама реакцияларға асқазан-ішек реакциялары жатады және іштің ауыруын, диспепсияны, жүректің айнуын, құсуды, диареяны, асқазанның тітіркенуін, гастрит пен асқазан-ішек жайсыздығын қамтиды. Басқа жанама реакциялар темір татуды, бас ауруын және ұйқышылдықты қамтиды. Мырыштың жоғары дозаларын қабылдайтын адамдарда ТЖЛП холестерин деңгейінің төмендеуі туралы кейбір мәлімдемелер бар. Мырыштың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану мырыш туғызған мыс тапшылығының аясында мыс тапшылығына және гипохромдық микроциттік анемияға әкелуі мүмкін. Мырыштың жоғары дозалары иммундық тежегіш әсер етуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.