РАМИПРИЛ-САНТО 5мг №30 таб

1560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рамиприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 2,5 мг, 5.0 мг, 10.0 мг рамиприл қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, натрий стеарил фумараты
Қолданылуы
- артериялық гипертензияны емдеу - өлімге әкелу ықтималдығы зор жүрек-қантамырлық асқынулардың алдын алу: • айқын білінетін атеротромбоздық жүрек-қантамыр аурулары (анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы немесе инсульт болуы, аяқ артерияларын облитерациялайтын аурулар) немесе • қант диабеті және кем дегенде бір жүрек-қантамырлық қауіп факторымен - бүйректің гломерулярлық ауруларын емдеу: • микроальбуминуриямен болатын диабеттік нефропатияның бастапқы сатысы • кем дегенде бір жүрек-қантамырлық фактор бар пациенттерде макропротеинуриямен болатын айқын диабеттік нефропатия • ≥ 3 г/күн макропротеинуриямен болатын айқын диабеттік емес нефропатия - симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеу - жедел миокард инфарктісін алған пациенттердегі екіншілік профилактика: миокард инфарктісінің жедел фазасынан бастап, аурудың басталуынан кейін 48 сағаттан соң тағайындалғанда жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері болатын пациенттерде өлім қаупін төмендету.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заты рамиприлге немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қант диабеті немесе бүйректің орташа/ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде алискиренмен бір мезгілде қолдану анамнезінде ангионевроздық ісіну бар (тұқым қуалайтын, идиопатиялық немесе АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін (АРА II) қабылдау себеп болатын) пациенттер жүргізілу барысында қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуы болатын экстракорпоральді емдеу әдістемелері анықталған бүйрек артериясының стенозы (екі жақты, бір бүйрек жағдайында – бір жақты) жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрі артериялық қысымы төмен немесе гемодинамикалық тұрақсыз күйдегі пациенттерге рамиприл қабылдауға болмайды ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану
Дозасы
Дозалану режимі Диуретиктермен емдеуден өтетін пациенттер РАМИПРИЛ-САНТО® қабылдауды бастау гипотензиямен қатар жүруі мүмкін; бұл диуретиктермен емдеуден өтетін пациенттерге көбірек тән. Организмде тұздар мен сұйықтықтың жетіспеуі РАМИПРИЛ-САНТО® емін бастауға дейін алдын ала түзетуге жатады, диуретиктерді алдын ала шектеу немесе 2-3 күннен кешіктірмей тоқтату керек Диуретиктер қабылдауды тоқтатпаған пациенттерде емдеу рамиприлдің 1.25 мг ең аз бір реттік дозасынан басталуы керек. Бүйрек функциясын және қан сарысуында калий мөлшерін бақылап отыру қажет. Келесі РАМИПРИЛ-САНТО® дозасы артериялық қысымның нысаналы деңгейіне сәйкес түзетілуі тиіс. Артериялық гипертензияны емдеу Дозалау әр нақты жағдайда күтілетін емдік әсеріне және науқастарда препараттың жағымдылығына қарай есептеледі. РАМИПРИЛ-САНТО® препаратын монотерапия ретінде де, гипертензияны емдеуге арналған препараттардың басқа кластарымен біріктірілімде де қолдануға болады. Бастапқы доза РАМИПРИЛ-САНТО® емін тәулігіне 2.5 мг бастапқы дозадан бастау қажет. Күшті белсендірілген ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесі бар пациенттерде артериялық қысымның едәуір төмендеуі бастапқы дозаны қабылдаудан кейін жалғасуы мүмкін. Осындай пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 1.25 мг құрайды, ал емдеуді бастау медициналық қадағалаумен жүргізілуі қажет. Жеке демеуші дозаны титрлеу. Артериялық қысымның нысаналы деңгейіне жету үшін дозаны 2-4 апта аралықпен екі еселеуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 10 мг. Тәуліктік доза күніне бір рет қабылданады. Жүрек-қантамырлық асқынулар профилактикасы Бастапқы доза Ұсынылатын бастапқы доза - күніне бір рет 2.5 мг. Жеке демеуші дозаны титрлеу Дозаны белсенді заттың пациентке жағымдылығына қарай біртіндеп арттырады. Дозаны 1-2 апта емдеуден кейін екі еселеу, ал келесі 2-3 апта өткен соң - демеуші дозаны тәулігіне 10 мг РАМИПРИЛ-САНТО® дейін арттыру ұсынылады. Бұрын диуретиктермен емдеуден өткен пациенттерде дозалардың тағайындалуын да қараңыз. Жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілерімен жедел миокард инфарктісін алған пациенттердегі екіншілік профилактика Бастапқы доза Клиникалық және гемодинамикалық тұрақты пациенттерде миокард инфарктісінен кейін 48 сағат өткен соң ұсынылатын бастапқы доза үш күн бойы күніне екі рет 2.5 мг құрайды. Егер 2.5 мг бастапқы доза пациентке жағымды болмаса, дозаны 2.5 мг және күніне екі рет 5 мг дейін арттыру алдында 2 күн бойы күніне екі рет 1.25 мг тағайындау қажет. Егер дозаны күніне екі рет 2.5 мг дейін арттыру мүмкін болмаса, емдеуді тоқтату керек. Бұрын диуретиктермен емдеуден өткен пациенттерде дозалардың тағайындалуын да қараңыз. Титрлеу және жеке демеуші доза Тәуліктік дозаны күніне екі рет 5 мг демеуші дозаға жетуге дейін 1-3 күн аралығымен екі еселеп, біртіндеп арттырады. Демеуші тәуліктік дозаны 2 қабылдауға бөлу ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза - 10 мг. Егер миокард инфарктісінен кейін жүректің ауыр (NYHA шкаласы бойынша IV дәреже) созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде РАМИПРИЛ-САНТО® емін жүргізу шешімі қабылданса, тәулігіне 1 рет 1.25 мг дозадан бастау ұсынылады. Дозаны айрықша сақтықпен арттыру керек. Бүйрек ауруларын емдеу Диабет және микроальбуминурия бар пациенттерде Бастапқы доза Ұсынылатын бастапқы доза - күніне бір рет 1.25 мг. Жеке демеуші дозаны титрлеу Дозаны белсенді заттың пациентке жағымдылығына қарай біртіндеп арттырады. Тәуліктік дозаны 2 апта емдеуден соң 2.5 мг дейін, одан кейін келесі 2 апта өткенде 5 мг дейін екі еселеу ұсынылады. Диабет және жүрек-қантамыр ауруларының, кем дегенде, бір қауіп факторы бар пациенттерде. Бастапқы доза Ұсынылатын бастапқы доза - күніне бір рет 2.5 мг. Жеке демеуші дозаны титрлеу Дозаны белсенді заттың пациентке жағымдылығына қарай біртіндеп арттырады. Тәуліктік дозаны 2 апта емдеуден соң 5 мг дейін, ал одан кейін келесі 2-3 апта өткенде 10 мг дейін екі еселеу ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза - 10 мг. Макропротеинурия > 3 г/күн болатын диабеттік емес нефропатиясы бар пациенттерде Бастапқы доза Ұсынылатын бастапқы доза - күніне бір рет 1.25 мг. Жеке демеуші дозаны титрлеу Дозаны белсенді заттың пациентке жағымдылығына қарай біртіндеп арттырады. Тәуліктік дозаны 2 апта емдеуден соң 2.5 мг дейін, ал одан кейін келесі 2 апта өткенде 5 мг дейін екі еселеу ұсынылады Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеу Бастапқы доза Диуретиктермен ем алатын пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза -күніне бір рет 1.25 мг. Жеке демеуші дозаны титрлеу РАМИПРИЛ-САНТО® дозасын әр екі апта сайын 10 мг ең жоғары тәуліктік дозаға дейін екі еселеу ұсынылады. Тәуліктік дозаны 2 қабылдауға бөлген дұрыс. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тәуліктік доза креатинин клиренсі есебімен тағайындалады: - егер креатинин клиренсі ≥ 60 мл/мин болса, бастапқы дозаны түзету қажет емес (тәулігіне 2,5 мг); ең жоғары тәуліктік доза - 10 мг; - егер креатинин клиренсі 30-60 мл/мин шегінде болса, бастапқы дозаны түзету қажет емес (тәулігіне 2,5 мг); ең жоғары тәуліктік доза - 5 мг; - егер креатинин клиренсі 10-30 мл/мин шегінде болса, бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды, ал ең жоғары тәуліктік доза - 5 мг; - гемодиализ жасалатын гипертензиясы бар пациенттерде рамиприл әлсіз диализденеді; бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды, ал ең жоғары тәуліктік доза - 5 мг; РАМИПРИЛ-САНТО® гемодиализ жасалған соң бірнеше сағат өткенде қабылдау қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Осындай пациенттерді емдеу айрықша сақтықпен және тек медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Ондай жағдайларда ең жоғары рұқсатты тәуліктік доза - 2,5 мг РАМИПРИЛ-САНТО® Егде жастағы пациенттер Бастапқы дозалар төмен болуы тиіс, оларды енгізу, әсіресе егде жастағы және әлсіреген пациенттерде жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің артуы салдарынан біртіндеп қана жүргізілуі тиіс. Ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза - 1,25 мг құрайды. Балалар РАМИПРИЛ-САНТО® рамиприлдің қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша тиісті деректер санының жеткіліксіздігіне орай, балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Күн сайын тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдау ұсынылады. РАМИПРИЛ-САНТО® препаратын ас ішу кезінде немесе одан тыс қабылдауға болады, өйткені биожетімділігі ас ішуге байланысты емес. Рамиприлді жеткілікті сұйықтық мөлшерімен қабылдау қажет. Таблеткаларды қабылдау алдында шайнауға немесе ұсақтауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.