+106 бонус

РАБЕМАК 10мг №14 таблетки

2130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рабепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10 мг немесе 20 мг натрий рабепразолы, қосымша заттар: маннитол, орнын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза L-HPC LH-21, магнийдің ауыр тотығы, повидон (PVP K29/32), натрий гидроксиді, тальк, магний стеараты, қабықтың құрамы: этилцеллюлоза (Аквалон №7 Фарма), магнийдің ауыр тотығы, темірдің (III) сары тотығы (E 172) (20 мг доза үшін), темірдің (III) қызыл тотығы (E 172) (10 мг доза үшін), титанның қостотығы (Е 171), ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылының кополимері дисперсиясы (Эудрагит L30 D55), триэтилцитрат, тальк.
Қолданылуы
асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жара ауруы асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жара ауруы гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) симптоматикалық эрозиялық немесе ойық жаралы түрі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем) орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (ГЭРА симптоматикалық ем) Золлингер-Эллисон синдромы тиісті бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілімде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы.
Қарсы көрсетілімдер
- натрий рабепразолына, орын басқан бензимидазолдарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер/егде жастағы пациенттер Он екі елі ішектің ойық жарасы және асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы Таңертең күніне 1 рет 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы болған кезде, пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы 4 апта ішінде болады. Алайда, кейбір пациенттер ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 4 апта емдеуді қажет етуі мүмкін. Асқыну сатысында асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 6 апта ішінде басталады. Алайда, пациенттердің аз мөлшеріне ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 6 апта емдеу қажет болуы мүмкін. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрі Ұсынылатын дозасы - күніне 1 рет 20 мг, ішке. Емдеу ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды. Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем) Ұсынылатын доза пациенттің емдеуге реакциясына байланысты күніне 1 рет 10 - 20 мг. Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (симптоматикалық ГЭРА) Эзофагиті жоқ ГЭРА бар пациенттерде ішке күніне 1 рет 10 мг қабылдау ұсынылады. 4 апта емдеуден кейін емге жауап болмаған жағдайда пациентке қосымша тексеру жүргізу қажет. Симптомдар басылғаннан кейін, олардың кейіннен туындауына жол бермеу үшін препаратты қажетіне қарай ішке күніне бір рет 10 мг дозада қабылдаған жөн. Золлингер-Эллисон синдромы Тағайындалған доза клиникалық көрініске байланысты. Ересектерге арналған Рабемак препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 1 рет 60 мг құрайды. Дозаны пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты тәулігіне 120 мг-ға дейін арттыруға болады.  Дозаны күніне 1 рет 100 мг-ға дейін қабылдауға болады. 120 мг доза тағайындалған жағдайда оны 60 мг-ден екі қабылдауға бөлуге болады. Емдеу тиісті клиникалық көрсетілімдер болғанға дейін жүргізіледі. Helicobacter pylori эрадикациясы H. pylori бар пациенттерге эрадикациялық терапия жүргізу керек. Препараттардың келесі біріктірілімі 7 күндік курспен ұсынылады: Рабемак препараты күніне 2 рет 20 мг + кларитромицин 500 мг күніне 2 рет және амоксициллин 1 г күніне 2 рет. Емдеу ұзақтығы 7 күнді құрайды. Егер эрадикация сызбасы препаратты күніне бір рет қабылдауды қажет етсе, тәулік уақыты да, тамақ та натрий рабепразолының белсенділігіне ықпалын тигізбесе де, Рабемак препаратын таңертең, таңғы ас алдында қабылдау қажет. Препаратты қабылдаудың мұндай режимі емдеуді жақсартуға бейімділігін көрсетеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Рабемак осы жас тобында қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты балаларда қолдану үшін ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, оны тұтастай жұту қажет. Емдеу ұзақтығы Асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы болған кезде, пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы 4 апта ішінде болады. Алайда, кейбір пациенттер ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 4 апта емдеуді қажет етуі мүмкін. Асқыну сатысында асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 6 апта ішінде басталады. Алайда, пациенттердің аз мөлшеріне ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 6 апта емдеу қажет болуы мүмкін. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрін емдеу ұзақтығы 4 - 8 аптаны құрайды. Золлингер-Эллисон синдромының емі тиісті клиникалық көрсеткіштер болғанға дейін жүргізіледі. Helicobacter pylori эрадикациясын емдеу ұзақтығы 7 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.